Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздағы Конституция күні

2013 жылдың 22 тамызында Екібастұз қаласының «Өнер» қалалық мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

         Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк екібастұздықтарды  құттықтап, ең мықтыларын  Құрмет қағаздарымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, қала басшысы Сербияда өткен әйелдер күресінің Әлем  чемпионы – Светлана Анкичеваға Құрмет қағазын және ақшалай сыйлықты табыс етті.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды.