Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Спорт Күнін тойлау

Кәсіби мереке - Спорт Күнін мерекелеуге орай  2013 жылдың 15 – 18 тамызы аралығында Екібастұз аймағында келесідей бұқаралық спорттық жарыстар кешені өтті.

2013 жылдың 15 тамызында «Қайнар» білім беру-демалыс орталығында кәсіби мереке - Спорт Күнін мерекелеуге орай спортшыларды құрметтеу іс шарасы өтті.

         Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк бұл мамандық иелерін құттықтап, ең мықтыларын  мадақтау қағазы және алғыс хаттармен марапаттады.

            17 тамызда №10 ЖОББМ стадионында «Президенттік» жаппай жүгіру өтті.

         Жарыстың қорытындысы бойынша келесі спортшылар жеңімпаздар атанды. Ерлердің жас аралық ерекшеліктері бойынша 1 орынды Кабаней Андрей, Василец Андрей, Подлесный Александр, Крупейчинко Василий, Нургазин Константин; 2 орынды Хабаров Дмитрий,  Пенчук Павел,  Шарипов Руслан,  Шехов Владимир, Дячук Петр және 3 орынды Воронов Юрий, Мейрамов Мереке, Цымбал Валерий, Вагинов Рафил, Бегімбетов Алдаберген иеленді.

Әйелдердің жас аралық ерекшеліктері бойынша 1 орынға Апкова Татьяна, Шнайдер Марина, Нападовская Елена, Семенова Ирина; 2 орынға Панышева Ирина, Цымбал Елена, Волкова Светлана, Касимова Роза және 3 орынға Меркурьева Анастасия, Мухамбетжанова Гульдана, Нұркенова Зинеп,  Шехова Татьяна ие болды.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында 1 орын - Текебаев Серік, Каплич Владимир, Прокофьева Сара, Арапова Регина; 2 орын - Булатов Руслан, Капиков Фархат, Башкова Наталья, Мергалиева Ажар; 3 орын - Смагулов Мереке, Каримов Фаниль.

17 тамызда «Жасыбай» спорт кешенінің шахмат бөлімшесінде тоғызқұмалақ  бойынша турнир өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша Жумабеков Мұрат пен Әубәкір Бекзат жеңімпаз атанды.

          Осы күні № 6 ЖОББМ алаңында шағын футбол бойынша алаң және муниципалды округтер және клубтардың арасында өткен қала жарысының қорытындысы өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретте бөлінді:

1 орын - «Заря»;

2 орын - «Батыр»;

3 орын - «Орталық муниципалдық округ».

18 тамызда «Шахтер» қалалық демалыс және мәдениет саябағында спорт қалашығынан командалық  қала Біріншілігі өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар атанды:

1 орын - «№1» (Баранов Сережа, Баранов Павел, Тоқыров Анарбек).

2 орын - «№2» (Агарков Владимир, Брус Владимир, Соловьев Михаил).

3 орын - «№3» (Трофимова Маша, Семенова Ирина, Карлюк Дария).