Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әкімнің өмірбаяны

Вербняк Александр Фёдорович, Екібастұз қаласының әкімі.

1953 жылы 27 сәуірде Краснодар өңірі Белореченск ауданы Черниговская стансасында туған. Алматы политехникалық институтын инженер-механик және Павлодар университетін менеджмент магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

            Еңбек жолын Пенза облысы Занетчино кентіндегі май зауытының бас инженер-механигі болып баста ды.

            1976-1984 жылдар аралығында Қарулы Күштердің әскери-құрылыс отрядында қызметін өтеді.

1984 жылдан 1995 жылға дейін өндірісте және партиялық органдарда жұмыс істеді: Қазақстан Компартиясы Екібастұз қалалық комитетінің нұсқаушысы, Екібастұз қаласы сүт зауытының директоры, Павлодар қаласының «Сүт» АҚ төрағасы.

            1995-2010 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Павлодар қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2010 жылдың 15 қарашасынан Екібастұз қаласының әкімі.