Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының әкімі Е. М. Арынның Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келуі

           2013 жылдың 3 тамызында Павлодар облысының әкімі  Ерлан Арын жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді.

Өңір басшысы сапар кезінде «Өнер» ҚМО артында орналасқан балалар спорт-ойын кешенінің салтанатты ашылуына қатысты. Кешен 5 модульден тұрады: жасанды шөп төселген шағын футбол, баскетбол, скейтборд алаңдары, балаларға арналған алаңқай, жаттығу құрылғылары. Орталықта бейнебақылау камералармен қамсыздандырылған стационарлық шағын бекет орналастырылған. Мердігері – «Вершина» ЖШС. Жобаның сметалық құны 50 млн. теңгеден асады.

           Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Королев 74Б-де орналасқан, 55 орындық қалпына келтірілген көппәтерлі жатақханалардың салтанатты ашылуына қатысып, баспанаға кезекте тұрған 10 медицина, құқық қорғау және мемлекеттік қызметшілерге  пәтер кілттерін табыстады.  Қалпына келтіру жұмыстарын «Вершина» ЖШС жергілікті бюджеттен, яғни 142 млн. теңгеге жүргізген.

         Бұдан басқа облыс басшысы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нда жинағы бар жас жанұяларға беруді  болжап отырған, Энергетиков 64 объектісінің ағымдағы жағдайымен танысты. Жобының мердігері - «Портал ПВ»,  Жобаның сметалық құны - 320 млн. теңге.