Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 жылдың 29 мамырында әкімдік мәжілісі өтті

Жариялау күні: 29.05.2013 ж.

          2013 жылдың 29 мамырында Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі  Александр Вербняктың басшылығымен  әкімдік мәжілісі өткізілді.

Отырыстың жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Байет ауылдық округі әкімімен атқарылған іс-шаралар туралы, азық-түлік тауарларына баға белгілеу жағдайы және бағаларды тұрақтандыруға қатысты шаралар қабылдау туралы, 2013-2014 жылдардағы  жылу беру маусымын бастауға дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын  бекіту туралы және «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын іске асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар  жөнінде мәселелер талқыланды.

         Күн тәртібінің сұрақтары бойынша Байет  ауылдық округінің әкімі мен Екібастұз қаласы әкімдігінің бөлім басшылары сөз сөйледі.

- Байет ауылдық округінің  аппараты Бағдарламаны іске асыру үшін ауылда жұмыссыз жүрген азаматтармен және өзінің жеке кәсібімен айналысатын шаруашылығын ары қарай дамытуға қаржысы жетіспей жүрген азаматтар, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген ауыл тұрғындарын барлық бағыттар бойынша қатыстыру жұмысын белсендіру мақсатын қойды. 2011-2012 жылдары бағдарламаға қатысуға 34 адам өтініш білдіріп, 14 жоба бойынша бағдарламаға қатысуға келісім шарт жасасты, - деді Байет  ауылдық округінің әкімі Амантай Докторхан.  

Азық - түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша бағаны белгілеу және шаралар қабылдау мәселелері жөніндегі жағдай туралы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р. Жүсіпова ақпарат берді.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ басшысының міндетін атқарушы Е. Көшкімбаев 2013-2014 жылдардағы  жылу беру маусымын бастауға дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын  бекіту туралы баяндады.

- Ағымдағы жылдың 20 мамырындағы жағдайы бойынша спорт бөлімімен спорт мекемелерімен бірігіп, 3465 адам қатысуымен 45 спорт шаралар өткізілді, оның 571-і жарыстың жеңімпаздары мен жүлделеріне иеленді. Облыс жарыстарына 37 спорт түрлерінен 350 адам іссапарға жолданды, оның 127-і жеңімпаз, - деп  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы З.  Нұркенова атап өтті.

           Әкімдік мәжілісінің барлық сұрақтары қаралып, әр сұрағына қаулы қабылданды.