Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Виртуалдық қабылдау

Екібастұз қаласы әкімінің сайтына жүгіну үшін алдымен келесі ақпаратпен танысуыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8-бабы негізінде қарау үшiн ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн азаматтардың өтiнiштерi күнтiзбелiк 15 күн iшiнде қаралады. Ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн өтiнiштер келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк 30 күн мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.

Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады.

Қала әкімінің сайтына (әкімнің виртуалды қабылдауына) өтіну кезінде жоғарыда көрсетілген мерзімдерге назар аударуыңызды сұраймыз.

Ескерту: Бір өтініште тек қана бір мәселе, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты және хат иесінің елді мекенінің/ауданының атауы мазмұндалуы тиіс. Олай болмаған жағдайда сайт редакциясы хатты мәліметтер қорынан алу құқығын өзіне қалдырады. Бұл шара сұрақтарға жауаптарды жедел дайындауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

2009 жылдың 26 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауына қатысты құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз көпшілік алдында сөз етуге немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға, тұлғаның жеке және отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі жайлы мәліметтер таратуға тыйым салынады.

Сонымен бірге иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды. Иесi бүркемеленген өтiнiш - ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш болып табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылатын болса, мұндай өтініштер орналастыру құқынсыз жойылатын болады.

Осыған байланысты Сіздерді толғандыратын мәселелер мен сұрақтарды мүмкіндігінше жүйелі, әрі нақты баяндауларыңызды сұраймыз.

 

 

Қала әкімі аппаратының құжаттамалық

қамтамасыз ету және мемлекеттік

 тілді енгізу жөніндегі бөлімі 


Алмагул: Балабақша
20.05.2013 Қурметты аким менің балам №16 "Балдаурен" садына барады.
Жасымбекова Назыгул Хамзиновна: Екібастуз ЗАГС
20.05.2013 Құрметті әкім! Менің баламның Жасымбеков Алданыш Арманұлы 14.11.1999ж туу туралы куәлігінде аты -жөні аралас түрде жазылған..
Айнур: КСК ИП Диас
20.05.2013 Құрметті қала әкімі.Мен 2007 жылдан бастап Королева 92 үйде тұрып жатырмын
Гулим: ЕМК
20.05.2013 Сәлеметсізбе ЭГТ каналы. Мен Екібастұз Медициналық колледжінде оқимын.
Айгера: Білім
19.05.2013 менің сіңілім екібастұз қаласының медецина колледжінде оқиды
Алтын: Жылу
17.05.2013 Сәлеметсізбе, құрметті әкім! Мен 22 шағын ауданда жер үйде тұрамын
Ержан: жылу
23.04.2013 Мен Ломоносов көшесі 24 "А" үйде тұрамын