Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Отбасы тыныштығының бұзушылары үшін - қорғау нұсқама

Жариялау күні: 15.05.2013 ж.

Қазақстан халқына «Стратегия-2050» жоладуында мемлекет Елбасысы жаңа кезеңде әлеуметтік саясатының аналар мен балалар қорғауы, әйелге ана, жұбайы, қызы ретінде сыпайы қатынас құрамды маңызды бөлігі болып табылатынын атап шықты.

        Осыған орай, Екібастұз қаласының аумағында 13-23 мамыр аралығында мүдделі мемлекеттік органдарының,  үкіметтік емес ұйымдарымен қоғамның өкілдері тартылып, «Әйел-отбасы және мемлекет тірегі» ақпараттық-насихаттық акциясы өткізіледі. Акцияның  негізгі мақсаты - отбасы-тұрмыстық аясында ақпараттық жұмыс.

Қазіргі күнге қорғау нұсқама-ол әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын көкейкесті құжаттың бірі. «Қорғау нұсқама»-учаскелік полиция инспекторларының, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторларының және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларының құзыретіне енгізілген әкімшілік ықпал жасайтын жаңа іс-шара.

         Мысалы, күйеуі үйде жанжал шығарды. Көршілері полицияны шағырды. Күйеуіне жұбайы өтініш жазғысы келмейді, келтірілген дене жарақаттарының көрінетін белгілері жоқ. Күйеунен қорқып, үндемейді. Осындай оқиғада отбасы бұзушының тәртібі қарастырылатын қорғау ұсыным беріледі: спирттік ішімдіктерді тұтынуға, жанжал шығаруға, жәбірленуші әйеліне рұқсатсыз жақындауға болмайды және т.б. Содан кейін осы отбасыны аптада бір рет учаскелік инспекторы тексереді. Солай он күн тексеріледі, ал тәртіп бұзылса, учаскелік полиция инспекторы тексерісті 30 тәулікке дейін созуға мүмкін.

        Қала ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне жие отбасы жанжал туралы, көбінде кешкі және түнгі уақытта шақырулар келіп түседі. Көбінде ол қалай болады? Жанұядан біреуі спирттік ішімдіктерді ұдайы асыра ішкеннен жанұяда жанжал мен төбелеске әкеп соқтырады. Қорғау нұсқама жанжалшыны оқшауламайды, бірақ оған мүмкіндік береді, біз оны егер үйінде жанжал шығарсан, әкімшілік жауапкершілікке тартыласын деп ескертеміз. Әкімшілік заңнаманың талаптарына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынас аясында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 2013 жылғы 4 ай ішінде ҚР ӘҚБК 79-5-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынас аясында заңсыз әрекеттер») әкімшілік жауапкершілікке-62 тұлға тартылды, ҚР ӘҚБК 79-1-бабы бойынша «Соққылар келтіру»-3 тұлға, ҚР ӘҚБК 79-3 бабы бойынша «Денсаулығына зиян келтіру»-21 тұлға  Құрметті әйелдер! Осы заңнын шығуына байланысты қорықпай, отбасыңызда жанжал шығару, соққылар келтіру фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлаңыз, сіздер әрқашан да тұрақты мекенжайыңыз бойынша учаскелік инспекторына шағымдануыңызға болады. Күйеуіңіз, бірге тұратын ер адамыңыз, ұлыңыз тек қана қол көтерген кезінде емес, сонымен қатар сіздің ар-намысыңызды түсіріп, балағаттап сөйлессе де сол кезде де шағымдануға болады. Ол да зорлық-зомбылық, психологиялық ықпал жасау болып табылады. Осыдан басқа, қорғау нұсқама айыппұлдардан қорқаннан өтініш жазудан бас тартатын әйелдерге де пайдалы. Кейде жанжал шығарушыны 15 тәулікке жаппай да жазалауға болады, онда айыппұл салынады, ал айыппұлды отбасы бюджеттен төлеу керек. Сол кезде шығын шығарғысы келмейтін жәбірленуші әйел қорғау нұсқаманы жазғызып күйеуіне тағы да бір амал бере алады. Қорғау нұсқама-ол бұзушылар тарапынан бірге тұратын адамдарға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жібермеу үшін әкімшілік ықпал ететін алдын алу іс-шара. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға тыйым салады. Сонымен қатар, қорғау нұсқама баяғыда ажырасқан, бірақ өз бұрынғы әйелін қудалайтын ер адамға беріледі.

        Егер, бұзушы заңды қайтадан бұзса, онда оған айыппұл салынады, осыдан басқа, әкімшілік заңнамаға сәйкес жанжалшы қамауға алынады, Сонымен қатар, отбасы тыныштығын бұзушысы алдын алу есебіне алынады.

       Қорғау нұсқамаларды пайдалану тәжірибесі құқық бұзушыларды тоқтатуға, тұрмыстық қылмысты төмендетуге әсер ететін іс-шара болатынын көрсетті.

        Егер, Сізге немесе жақындарыңызға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалса, ҮНДЕМЕҢІЗ!!!  Сіз тұрақты мекенжайыңыз бойынша учаскелік полиция пунктіне немесе келесі мекенжай бойынша әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына  шағымдануға болады: Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп, 95 көшесі 205 кабинет немесе жасырын түрде 77-08-80 телефон бойынша қоңырау шалуға болады.

 

    Екібастұз қаласының ІІБ әйелдерді

 зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі

тобының аға инспекторы Алтаева А.Г.