Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тарихи анықтама

Екібастұз қаласының пайда болу тарихы

«Екі бас тұз» қаласы атауының пайда болуының бірнеше болжамы бар – тура аудармасында еш күмән жоқ. Ал бірақ осындай атаудың пайда болуының бірнеше нұсқалары бар.

       Негізгі нұсқа – 1886 жылы геолог-үйренуші және кентанушы Қосым Пшембаевпен (оның атымен қалалық музей аталған) бұл жерде көмірдәің пайда болу орны табылған. Иесіне берген тапсырысында Пшембаев табылған орынды көршілес жатқан көлден әкелген екі басты тұзбен белгілегенін жазды. Осыдан: «Екі бас тұз» атауы пайда болды деген болжам.

      Ардагер-шахтер Рымжан Булекбаевпен айтылған аңыз – екі жауынгер осы тұзды көлдің маңында қайтыс болған және олардың қаңқалары ескерткіш ретінде қойылған. Көл сол уақыттан бастап «Екі атбасы қалған тұзды көл» - деп атала бастады.

      Д. П. Багаев (павлодарлық өлкетанушы) – Екібастұздық көмір қазбасының пайда болуы Қосым Пшембаевтың көмір жатқан жерді табуымен XIX ғасырдан басталады. Табылған орынды екі тұз кесегімен белгілеп, орынға атау берді. Багаев бұл оқиғаны 1886 жылмен белгілейді.

      К. Нуралин — …Бір бақташы қырда қой сүтін қайнатып отырған. От ретінде айналада шашылып жатқан қара тастарды салады. Бір уақытта ол тастардың жалындап жанған ғажайыбын көреді. Сол тастардың табылған орнын ұмытпау үшін ол көлден екі басты тұз әкеліп белгілейді. Сондықтан орын «Екі бас тұз» атала бастады.

      Бірақ бұлардың барлығы көркем аңыздар ғана. 1876 жылы Омбы әскери-топографиялық бөлімімен құралған топографиялық картада айналасында көмір орны белгіленген Екібастұз көлі белгіленген. Екібастұз атауы бұл жерде көмір орнын тапқанға дейін болған.

      XIX ғасырдың соңында екібастұздық көмірмен павлодарлық көпес А.И. Деров қызықты, ол 1893 жылы орынның қолайлылығын анықтау үшін Екібастұзға шағын іздеу-барлау партиясын бағыттады. Бірақ бұл топ барлаушылардың тәжірибесіздігінен нәтиже берген жоқ. Деров, орны толмайтын шығындарды болжап, бассейнді игеруді бастаған жоқ. Бұл уақытта Батыс-Сібір тау партиясы құрылысы жүріп жатқан жолға, тұрақты дамып келе жатқан Ертіс бойындағы кемеге, Екібастұз қаласының Ертіске жақындығын ескеріп қатты отынға тұтынушылығын арттырды және неғұрлым үздік барлау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

      Көмір орнының Қ. Пшенбаевпен табылуы, содан кейін павлодарлық көпес-миллионер Деровпен шақырылған ғалымдардың, инжеренлер мен геологтардың зерттеуі ХІХ ғасырдың 90-жылдарының соңында көмір қазудың шахталық тәсілін пайдалануды тудырды. Бірақ бұған Деровтың қаржысы жеткіліксіз болғандықтан, ол акционерлік қоғам құра бастады. Ал Ертісте және Обьтағы кеме тасымалының дамуы, 1886 жылы Челябинскіден Омбыға дейін темір жолдың ашылуы Екібастұз көміріне сұранысты арттырды.

      1895 жылы көктемде Деров Қасым Пшембаевпен Екібастұзда жаңа барлау жұмыстарын бастады. Бұл жолы 1895 жылы Деров Екибастұз кен орныныда үш барлау шахталарын орнатады (Владимирская, Мариновская, Ольговская).

     1896 жылы Батыс-Сібір тау партиясының бастығы А. А. Краснопольский Екібастұзға өзінің көмекшісі – бас инженер А. К. Мейстерді жібереді, ол төрт ай шамасында көмірдің табылу орнына толық барлау жүргізді. Бұл барлау нәтижелерінің талдауы Екібастұздық көмірден күткен үміттерді ақтады. 1896 жылғы көктемде Деров шағын көмір алқабын іске қосты. Мейстерден кейін 1897—1988 жылдары неғұрлым толық зерттеулермен белгілі француздық тау инженері Жорж де Кателен мен А. Э. Страуса орыс инженері тұлғасындағы Киевтік коммерциялық банк айналысады.

      Кателен өзінің 1897 жылы Парижде жарық көрген «А. И. Деров пен Оңтүстік Сібірдің кен қазбаларын зерттеу очерктері» атты кітабында келесіні жазды:

 «Екібастұз бассейнінің көмір байлығы алып, біз оған ұқсас минералды отынның басқаша Европада болуын ойламаймыз да».

     Өзінің зерттеулерімен Кателен Екібастұздың жер асты байлығының ерекшеліктерін– салыстырмалы шектелген алаңдағы ірі көмір қорларының концентрациясын атап өтті. Сөйтіп алғаш рет тау-кен кәсіпорындарының назарын Екібастұздың ғажаптары мен оның қолайлы перспективасына аударды.

 Мейстер мен Кателеннің қорытындыларынан кейін Деров Екібастұздық таскөмір орнын шаруашылықты игеруге кіріседі. Осы жұмыспен байланысты 1898 жылы Екібастұз көлінің батыс бөлігінде Екібастұз деп аталатын мекен пайда болды.

     Бұл жылды болашақ Екібастұз қаласының негізі деп санауға болады – бүкіл әлемге белгілі қазіргі кездегі ірі отын-энергетикалық кешен.