Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Қала әкімі

 Александр Фёдорович Вербняк - Екібастұз қаласының әкімі

Александр Фёдорович Вербняк - Екібастұз қаласының әкімі

1953 жылы 27 сәуірде Краснодар өңірі Белореченск ауданы Черниговская стансасында туған. Алматы политехникалық институтын инженер-механик және Павлодар университетін менеджмент магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

            Еңбек жолын Пенза облысы Занетчино кентіндегі май зауытының бас инженер-механигі болып баста ды.

            1976-1984 жылдар аралығында Қарулы Күштердің әскери-құрылыс отрядында қызметін өтеді.

1984 жылдан 1995 жылға дейін өндірісте және партиялық органдарда жұмыс істеді: Қазақстан Компартиясы Екібастұз қалалық комитетінің нұсқаушысы, Екібастұз қаласы сүт зауытының директоры, Павлодар қаласының «Сүт» АҚ төрағасы.

            1995-2010 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Павлодар қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2010 жылдың 15 қарашасынан Екібастұз қаласының әкімі.



Қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Айгүл Қамзақызы Марданова - қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

1962 жылы 11 қаңтарда Павлодар облысы Железинка ауданы Михайловский ауылында туған. Білімі – жоғары, 1984 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Винницк    мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдады.

Марданова Айгүл Қамзақызы еңбек жолын 1984 жылы Прииртышск орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастайды. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 26 жыл, оның 19 жыл: Павлодар облыстық комсомол комитетінде, Железинка аудандық комсомол комитетінде, Индустриялдық аудандық әкімшілігінде, Павлодар облысының өнеркәсіп және сауда департаментінде, туризм және спорт,  білім беру департаменттерінде басқарушылық лауазымдарда қызмет етті.

2009 жылғы 20 сәуірден бастап Качир ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымында еңбек етті.








Қала әкімінің жедел және шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары

Николай Васильевич Дычко - Екібастұз қаласы әкімінің жедел және шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары.

Николай Васильевич Дычко 1965 жылдың 5 шілдесінде Көкшетау облысы Куйбышев кентінде дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 1994 жылы тау инженер-экономисі мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік ашық университетін, ал 2000 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша Екібастұз қаласының инженерлік-техникалық институтын бітірді.

Еңбек жолын 1984 жылы «Северный» кенішінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастап, бас электрик лауазымына дейін көтерілді.

2000 жылдан 2006 жыл аралығында - Екібастұз қаласының «Монтаждау-жөндеу басқармасы» ЖШС директоры.

2006 жылдың 27 маусымында Екібастұз қаласы әкімінің жедел және шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

 



Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы

Мәриям Дәулетбекқызы Адасбаева - Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы. 1985 жылдың 21 сәуірінде Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Білімі –жоғары, 2007 жылы Мәскеу қаласының Қазіргі гуманитарлық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын  2007 жылы «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру – бақылау бөлімінің бас маманы болып бастаған. «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік – құқық бөлімінің бас маманы, «Павлодар облысының мәдениет басқармасы» ММ ішкі аудит жөніндегі бас маманы, «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» ММ бас маманы болып қызмет еткен. 

2011 жылдың сәуір айынан бастап Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік – құқық бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.

2013 жылдың 20 наурызынан Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы.

 




Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы

Сыздықова Жазира Қабдыжәлелқызы

Телефоны: 34-08-77

E-mail: ekb_press.gov@mail.spec

 

Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы

Нығманова Нұргүл Қайдарқызы

Телефоны: 34-94-28

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің басшысы

Темірғалиева Мағжан Сүлейменқызы

Телефоны: 34-96-94

 

Мемлекеттік-құқық бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Әдиев Қуаныш Сағадатұлы

Телефоны: 34-90-60

 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

Әбілкәкімова Меңсұлу Шаймұранқызы

Телефоны: 34-96-63