Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздағы жылу маусымына дайындық жөніндегі жиналыс

Ағымдағы жылдың 24 тамызында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д. Н. Тұрғанов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді.

Дүйсенбай Тұрғанов сапар кезінде Құлакөл ауылындағы Майқайың жалпы орта мектебіне барып, қазандықты тексеріп шықты. Қалада Мәшһүр Жүсіп және Әуезов көшелерінде магистральды жылу желілерінің  жабдықтарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен және Екібастұз жылу орталығында 2014-2015 жылдардағы жылу маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысымен танысты.

Қала әкімдігінде Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняктың, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарларының, облыс басқармаларының, қала бөлімдерінің, коммуналдық мекеме басшыларының және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен  2014-2015 жылдардағы жылу маусымына дайындық бойынша жиналыс өткізді.

Жиналысқа шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.