Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы АҚПАРАТ

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеген. Бұл бағдарлама   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «21» маусымдағы № 821   қаулысымен бекітілген.

         Бағдарламаның негізгі мақсаты - Халықтың тұрғын үйге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi түрде шешу.

         Бағдарламаның 1 бағыты: Жергілікті атқарушы органдарда (ЖАО-да) кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар үшін республикалық бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік жалға берілетін үйлерді (пәтерлерді) жобалау және жыл сайын салу және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алу көзделеді.

Екібастұз қаласы бойынша 2013 жылы ЖАО кезектегілері үшін Энергетиктер көшесі, 40  тұрғын емес ғимаратты көп пәтерлі тұрғын  үйге қайта жарақтау аяқталады. Тұрғын үйдің жалпы ауданы – 2,94 мың шаршы метр, пәтерлердің ауданы – 2,52 мың шаршы метр. Қайта жарақтау бағасы – 164,166 млн.теңге. Мемлекеттік комиссиясының 28.10.2013 жылғы № 21 актісі.

Энергетиктер көшесі, 60 тұрғын емес ғимаратты көп пәтерлі тұрғын  үйді қайта жарақтау аяқталды. Пәтерлердің жалпы ауданы – 3,75 мың шаршы метр. Қайта жарақтау бағасы – 205,520 млн.теңге. Мемлекеттік комиссиясының 26.12.2013 жылғы № 31 актісі.

2014 жылы  аталған бағдарлама аясында Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесіндегі (21 шағынаудан) 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы  әзірленді. Жобалаушы ұйым - «Innovation Center Project» ЖШС.  2014 жылдың 21 шілдесінде сараптаманың № 16-0413/14 оң қорытындысы алынды. Аталған жобаны іске асыр үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім жіберілді.

Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесіндегі (20 шағынаудан) 9 қабатты тұрғын үй құрылысының жобалау жұмыстары «Innovation Center Project» ЖШС-мен әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарастыруында. Жобалау жұмыстарын аяқтау мерзімі – 2014 жылдың 2- жартыжылдығы.

2014 жылдың 18 шілдесінде «Модулор-ЭК» ЖК-мен № 38 Екібастұз қаласы, 31 шағынауданында 3 үшкіреберісті 5 қабатты тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзерлеуге шарт жасалды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобалау жұмыстарын аяқтау мерзімі – 2014 жылғы 28 желтоқсан.

         Бағдарламаның 2 бағыты - Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ҚТҚЖБ) желісі бойынша тұрғын үй.

Халықтың тұрғын үйге қолжетiмдiлiгiн тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қамтамасыз ету үшін 2012 жылдың 5 шілдесінде Екібастұз қаласында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Павлодар филиалының офисі ашылды.  

2013 жылы жалпы ауданы 3,61 мың шаршы метр, пәтерлердің жалпы ауданы 3,28 мың шаршы метр, бағасы 209,3 млн.теңгеге Ломоносов көшесіндегі № 13 57-пәтерлі тұрғын үй сатылып алынды. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрдің бағасы 63,8 мың теңгені құрады, яғни  Бағдарламамен көзделген 80,0 мың теңгеден аспады.

Сонымен қатар, «жас отбасылар үшін» Энергетиктер көшесі, 64 тұрғын емес ғимаратты көп пәтерлі тұрғын  үйді қайта жарақтау аяқталды. Тұрғын үйдің жалпы ауданы – 5,59 мың шаршы метр, пәтерлердің ауданы – 4,27 мың шаршы метр. Қайта жарақтау бағасы – 296,749 млн. теңге.

Бағдарламаның 3      бағыты – «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамының («ҚИК» ИҰ» АҚ) арқылы тұрғын үй салуы

Осы бағыт бойынша республикалық бюджеттен  «ҚИК» ИҰ» АҚ-на бөлінетін трансферттерге  сату мерзімімен сату сатып алу құқығы бар жалға берілетін тұрғын үй салу көзделген. Осы жағдайда «ҚИК» ИҰ» АҚ Тапсырыс берушідің барлық міңдеттерін орындайды: жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуден Бағдарламаның қатысушыларға пәтер бөлуге дейін. Бұл бағыт бойынша Екібастұз қаласында құрылыс жүргізілмейді.

Бағдарламаның  4 бағыты – Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын жөндеу.

Бағдарламаның бұл бағытының әкімшісі – «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Бағдарламаның  5 бағыты – Апаттық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй.

Осы бағыттың шеңберінде тек ғана Астана қаласында және Маңғыстау облысында апаттық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру көзделген.

Бағдарламаның  6 бағыты – жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ).

Салынып жатқан тұрғын үйдің уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ететін негізгі фактор салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның бар болуы.

Ағымдағы жылы Екібастұз қаласының ЖТҚ  ауданында инженерлік-коммуникациялық инрақұрылым құрылысы жүргізілмеген.

2014 жылдың 8 айы жағдайы бойынша 6161 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға тапсырылды (сәулет бөлімі мәліметі бойынша).

Бағдарламаның  7 бағыты – Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша тұрғын үй салу.

Осы бағыт «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының  3 бағыты шеңберінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуды (сатып алуды) қөздейді.

Пәтерлердің жалпы ауданы – 1,78 мың шаршы метр, бағасы 142,0 млн.теңгеге пәтер үлгісінде (55 пәтер) жатақхана Королева көшесіндегі № 74 «Б» сатып алынды.

Пәтерлердің жалпы ауданы – 1,65 мың шаршы метр, бағасы 132,056 млн.теңгеге, 1 шаршы метрдің  бағасы 80,0 мың теңге, пәтер үлгісінде (52 пәтер) жатақхана Королева көшесіндегі № 74 «А» сатып алынды.

Бағдарламаның  8 бағыты – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үй салуы.

Бұл бағыт «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның өз қаражатына, Ұлттық қорының және мердігердің (үлесі 20% кем емес) қаражатына  тұрғын үй салынуы көзделген. Осы бағыт  бойынша Екібастұз қаласында құрылыс жүргізілмейді.

Сонымен, 2013 жылы 15,6 мың шаршы метрден 15,6 мың шаршы метр, яғни 100 % жалдамалы тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Бюджеттік қаражаттың игерілуі бөлінген 633,281 млн.теңгеден  99,9% (633,197 млн.теңге)  құрады.

2014 жылы тұрғын үй құрылысы жоспарланбаған.

 

Құрылыс бөлімінің

басшысы                                                        Қ. Акказенов