Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

           Сәрсенбі күні қалалық әкімдікте қала әкімі  Александр Вербняктың басшылығымен  әкімдік мәжілісі өткізілді. Отырыстың жоспарына сәйкес 4 мәселе қаралды.

Екібастұз қаласы әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2014 жылдың   8 айында орындалу барысы туралы  қала әкімі аппаратының басшысы Мәриям Адасбаева айтты. Қала әкімінің тұрғындар алындағы есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша іс-шаралар жоспарына 13 ұсыныс енгізілді, оның 11-і бақылаудан алынды. Құдайкөл және  Бесқауға ауылдарының жалпы орта білім беретін мектептеріне жылы әжетхана орнатылды. Ақкөл ауылдық округінің мектебіне және Екібастұз қаласының             № 33 мектебіне балаларды жеткізуге арналған автобустар сатып алынды.  Қоянды ауылдық округінің Теміртас ауылында көше жарықтары орнатылды. Теміржол ауылдық округі Құлакөл ауылының ветеринар дәрігеріне наурыз айында қызметтік қажеттілік үшін «НИВА-21214» автомашинасы берілді. Қаланың Торайғыров көшесіндегі автожолды жөндеу аяқталды.  Сәтбаев көшесі бойынша 50-үйдің сыртындағы тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинау іске асты. 2-Южный шолағы бойынша ағаштарды санитарлық тұрғыда кесу орындалды. Царев көшесі бойындағы, Пішембаев көшесінен Горняков көшесіне дейін, және қаланың басқа шағынаудандарындағы ағаштарды қалыптап кесу жүргізілді. Шідерті кентіндегі № 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын жөндеу аяқталды. Қалған екі іс-шара ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында  іске асырылады. Олар 207-208 кварталдарға дейінгі жолдарды жөндеу және Северный кентінде жарықтандыруды өткізу.

Құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Акказенов «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.

- 2013 жылы 15,6 мың шаршы метрден 15,6 мың шаршы метр, яғни 100 % жалдамалы тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Бюджеттік қаражаттың игерілуі бөлінген 633,281 млн.теңгеден  99,9% (633,197 млн.теңге)  құрады. 2014 жылы тұрғын үй құрылысы жоспарланбаған, - деді Қ. Акказенов.

Қаланың коммуналдық қызметінің, әлеуметтік нысандарының және тұрғын үй секторының 2014-2015 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Құсниден Қасенов баяндады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы күрес бағытында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы Айжан Жұмабаева есеп берді.

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселе бойынша қаулы қабылданды.