Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазбек Қуанбекұлы Аққазенов «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Қазбек Қуанбекұлы Аққазенов Екібастұз қаласы әкімінің өкімімен 2014 жылдың 12 қыркүйегінен «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

1987 жылы 30 шілдеде туған. 2010 жылғы заңтану мамандығы бойынша Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірді.

Қазбек Қуанбекұлы еңбек жолын 2009 жылдан бастап «Орманды және жануарлар әлемін қорғау Павлодар мекемесі» мемлекеттік мекемесінде бастады.

«Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары, Маралды ауылдық округінің әкімі, «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып еңбек етті.

2014 жылдың 14 қаңтарынан «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманының лауазымын атқарды.