Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тағайындау

Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы №19 өкімімен Қабдылов Ерлан Мақсұтұлы Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Қабдылов Ерлан Мақсұтұлы 1973 жылы туған. Білімі жоғары, 2000 жылы Павлодар мемлекеттік унверситетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1992 жылы Сарышығанақ ауылындағы Калинин орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Бұдан кейінгі жылдары Калинин орта мектебі директорының орынбасары, «Достық ауылындағы Дружба орта мектебінің директоры, Достық ауылдық округінің әкімі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-сінің бастығы қызметтерін атқарды.

2009 жылдан бастап «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сіне басшылық етті.