Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тағайындау

Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылдың 1 ақпанындағы №23 өкімімен Жұмабаева Айжан Хамзақызы «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сінің бастығы болып тағайындалды.

Айжан Хамзақызы 1970 жылы Семей облысы Аягөз ауданында дүниеге келді.

1991 жылы Семей педагогикалық институтын мектепке дейінгі педагогика және психология, тәрбиеші мамандығы бойынша, кейіннен Павлодар мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Краснокутск аудандық білім бөлімінде мектепке дейінгі тәрбие беру жөніндегі әдіскер болып бастады.

Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімі, Екібастұз қаласындағы №2 орта мектепте психолог, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-сінде бас маман, бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 12 жыл.

Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.

Начальник УВД

города Экибастуза                                                             Д. Сиразидимов