Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік тіл білгірлері

2014 жылдың 18 қыркүйегінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен кәсіпорындарда қызмет істейтін өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында «Мемлекеттік тіл білгірлері» атты қалалық конкурсы өтті. Конкурсқа 10 үміткер қатысты. Олар өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін көрсете білді.

    Бірінші орынды Төртқұдық  ауылының клуб меңгерушісі Сергей Ларцев жеңіп алды, екінші орынға «Достық» үйінің «Әзірбайжан» этномәдени бірлестігінің мүшесі Аслан Аббасов ие болды, үшінші  орын Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың маманы Мария Павленконың, № 2 поликлиниканың медбикесі Светлана Апеттің және МАЭС-тың маманы Елена Тамашевскаяның еншісінде.