Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тағайындау

Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №17 өкімімен Құрманова Айнагүл Амангелдіқызы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары (экономикалық және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі) болып тағайындалды.Құрманова Айнагүл Амангелдіқызы 1972 жылы Павлодар облысы Железинка ауданындағы Абай ауылында дүниеге келді.

Білім жоғары, 1999 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы 6007 жинақбанкінің Павлодар облысы Железинка ауданындағы бөлімшесінде бас бухгалтер-ревизор болып бастады.

1994-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында контролер-ревизор, аға контролер-ревизор, бас контролер-ревизор, бас қазынашы болып қызмет етті.

2000-2007 жылдары Железинка аудандық Қазынашылық бөлімін, 2007-2009 жылдары «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ-сін басқарды.

2009 жылдың маусым айынан бастап Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.