kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Отбасы - махаббат көзі

             Отбасы қоғамның негізгі бөлігі ретінде адамгершілік құндылықтың, мәдениеттің және ұрпақтың тарихи мұрагерліктің, тұрақтылық және даму факторының  қорғаушысы және солай болып қала береді. Отбасының арқасында мемлекет нығаяды және дамиды, халықтың дәулеттілігі өседі!

Барлық уақытта мемлекет туралы, сондай-ақ қоғамдағы отбасы жағдай бойынша елдің дамуы туралы пікір айтылды. Отбасынан адам өмірі басталады, мында оның азамат ретінде қалыптасуы болады. Ол- қандайда бір өркениетті қоғам құрылатын, онсыз адам өмір сүре алмайтын махаббат, құрмет, ынтымақтастық және іңкәрлік көзі. Отбасы адамгершіліктің жеке тұлғасы құрылуында айрықша рөл атқарады. Адам өмірінің алғашқы күнінен бастап отбасы мүшелерінің әрекетінің куәсі болады, олардың өзара қатынасын, ата-аналарының сенімін, өзара түсіністігін бақылап отырады, олармен барлық уақытын өткізеді. Жеткіншектерде көрінетін дөрекілік, агресиялық, үйден қашуға талпыну, сенімсіздік, айналадағыларға рақымсыздық, қиыншылыққа төзбеушілік, қорқыныш, сенімсіздік, ызашылық, енжарлық, спиртті ішімдіктерге және есірткіге үйірімділік отбасы мүшелерінің арасындағы махаббаттың жоқтығының әсерінен. Балалар әрдайым ата-анасының жағынан оларға деген назарын бақылап отырады. Олар махабббатың солуын байқағанда терең күйзеледі, және де оны басқа еш нәрсеге ауыстырғыс келмейді. Махаббат және шынайылық – балалардың ең маңызды қажеттілігі. Махаббатың жетіспеушілігі әр түрлі жан күйзелісінің туындауына әкеледі. Ата-ана отбасында балалар оны ең жақын және қауіпсіз айлақ ретінде өабылдау үшін аман-есен жағдайды жасауға міндетті.

       Толыққамды бақытты отбасыны құру үшін не қажет, бақытты некеге және үй ішінің амандығына қандай алғышарт болуы керек?

         Ер адаммен әйел адамның қатынасында өзара түсінушілік ең маңызды орын алады. өзара түсінушілік қана бір бірін сүйетін адамдардың арасындағы негізгі және болашақтағы берік қатынастың негізі болып табылады. Түсінушілік – махаббат синонимы, егерде адамды түсінсен – онда оны сүйесін. Өзара түсінушіліктің кілті сені тындағаны және басқаны тыңдау қалауын жасауда жатыр. Бірге әрқашанда екеуінде жайғастыратын нұсқаны табуға болады. Кейбір кезде өзінді басқаның орнына қоюда жеткілікті, кей кезде жағдайға жай ғана басқа жағынан қарау. Егерде сүйкті адамын бірденеге наразылығын біолдірсе және ұрыс шығарып жатса, оның былай істеуән түсіну. Осы жағдайда маңыздысы арандатушылыққа жол бермеу және жақындарынмен болмашы нәрсеге бола ұрыспау. Бүгін сіз сүйікті адамыңызға түсінушілікпен қарасаңыз, ертең ол сізге солай қарайды.  

         Бір-біріңіздерді түсінуге тырысыңыздар, өйткені түсінушілік – махаббат негізі.

Махаббат және өзара түсінушілік – бұл отбасылық өмірді бояйтын, қуаныш пен бақытты әкелетін фактор. Отбасындағы өзара түсінушілік және  ықылас реніштің туындауына, басқада психологиялық және әлеуметттік мәселелерге жол бермейтін, тозудан бөлшектерді қорғайтын автокөліктегі жағар май тәрізді. Жақсы қатынас және жылы шырай отбасының ең маңызды қажеттілігі болып саналады.

         Ер адам және әйел отбасының амандығы үшін күш аямау керек. Бірінші орында олар туған ошағына құштарлықты тәрбиелеу керек. Өкінішке орай біздің қоғамымызда, әсіресе ер адамдар арасында осы сезім нашар дамыған. Көбі үйленгеннен соң да бойдақ өмір заңымен өмір сүреді, өзінің тәртіптемесіне ешқандай өзгерістер еңгізбейді.  Жарының барын тек қана кейбір міселелерде ғана сезінеді, оның жақын досы екенің түсінбейді. Демалу, саяхат жасау тілегі туындағанда, олар оны жолддастарымен және достарымен жүзеге асыруға ұмтылады, отбасымен бірге демалу туралы ойға да алмайды.

         Әйел отбасының бақыты үшін ер адам қалай жауапты болса, олда солай жауапты. Ол жарына ең жақын дос болуға үйрену керек, ең күрделі мәселе туындағанда оны түсінуі керек. Әр жетістікті ер адамның арқасында еңбек сүйгіш және қамқор әйел тұрғаның түсіну керек. Жарының көмегі арқылы ер адам ең күрделі мәселелерді шешуге қабілетті. Отбасылық өзара түсінушілікті сақтаңыздар және бағалаңыздар, тек берік, сау климатты және түсінушілікпен және махаббатпен құрылған отбасында, әрдайым бақытты балалар – біздің ұлтымыздың болашағы өседі!

 

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ жедел-құтқару жасағы»

ММ кинологиялық қызмет басшысы                            Куценко Г.А.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза