kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұзда мыс өндіру зауыты ашылды

           2014 жылдың 15 қыркүйегінде Павлодар облысының әкімі  Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді.

 Бұл күні өңір басшысының қатысуымен ҮИИД МБ индустрияландыру картасы аясында қолданысқа енгізілген мыс өндіретін «Eurasia Copper Operating» ЖШС зауытының  салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Зауыт Екібастұздың ауылдық аймағы Әлкей Марғұлан ауылының маңында орналасқан.

Жобаны іске асыруға 2,1 млрд. теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорынның жобалық қуаты –метрге метр форматындағы бес миллиметрлі табақ түрінде шығарылатын жылына 3 мың тонна катодты мыс, республикамыздың ішкі нарығында сатылатын болады. Бүгінгі күні бір тонна мыстың құны шамамен 7000-7250 АҚШ долларын құрайды.

Мыс өндірісінде алдыңғы қатарлы жаңа технологиялар қолданылады. Мында көмірді пайдаланбай-ақ электр қуатын 1,5 есеге үнемдеуге мүмкіндік беретін гидрометаллургия әдісі пайдаланылады, сондықтан зиянды лақтырулар да болмайды. Өндірілетін мыстың тазалығы 99,9 пайызды құрайды.

Облыс басшысы Қ. Бозымбаевтың айтуынша, жаңа зауытта 140 жұмыс орны құрылған. 10-нан аса адам – жергілікті тұрғындар. Зауыт Екібастұздан алыс, сол себепті жаңа кәсіпорынға қалалықтардың келгісі келмейді.

- Өкінішке орай мамандарды Ақтөбе, Қарағанды қалаларынан тартуға тура келеді. Сондықтан «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жергілікті мамандарды оқыту қажет, - деді Қанат Бозымбаев.

Жұмыс сапары кезінде облыс әкімі салынып жатқан объекті – «Аяқ-Қоджан» кен орнындағы «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС-ы кен байыту фабрикасында болды. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша іске асырылатын ЖШС-ның негізгі қызметі – жылдық қуаты жылына 500 мың тонна болатын қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу. Құрылыс кезінде 55 жұмыс орнын, пайдалануға берілгеннен кейін 300 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарда.

Қазіргі кезде өндірістік корпустың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрал-жабдықтар жеткізіліп, оларды орнату жүргізілуде.

Фабриканы іске қосу ағымдағы жылдың желтоқсанына көзделуде. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза