Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.08.09. бастап 14ж.15.09. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 15 сағ. 30 мин. сыртқы есікті ашуға құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Пәтерде есікті ішінен өздігінен аша алмайтын арбадағы мүгедек қарт әйел бар. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 5-қабаттың балконынан 4-қабаттың балконына түсті, балкон есігі арқылы пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты. Зардап шеккендер жоқ. 
  2. 19 сағ. 55 мин. сыртқы есік ішінен жабық тұрғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Пәтерде есік қағысына жауап бермейтін 4 жасар бала бар. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Бала пәтердің бір бөлмесінде ұйықтап жатты. 
  3. 15 сағ. 15 мин. пәтерде 5 жас  және 11 айлық бар пәтерге мед бикенің кіруі үшін сыртқы есікті ашу үшін көмек керектігі жөнінде хабарлаған МӘП инспекторының аға лейтенантынан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, патронаж мед бикенің, учаскелік инспектордың және кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектордың қатысуында арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Балалар пәтерде болды.   
  4. 11сағ. 35 мин. 85 жасар жалғыз тұратын көршісі хабарласқандығы, ол өзінің жер үйінің бір бөлмесінде құлап қалғандығы және өзін өте нашар сезініп тұрғандықтан медициналық көмек керектігі жөнінде жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, сыртқы есік ішінен жабық тұрғандықтан үйіне кіре алмады, аулада байланбаған үлкен қабаған ит жүгіріп жүрді, үйдің терезесінде тор. Құтқарушылар, терезе ойығының торын кесіп оны бір жаққа итерді. Үйге кіру тек терезе арқылы ашық болды. Құтқарушылар еденде жатқан әжейді көтеріп кереуетке жатқызды, терезеге сатыны қойды және медициналық қызметкерлерге жол ашты. Олар әжейге медициналық көмек көрсетіп сол жолмен қайта шықты. Ауруханаға жатқызудан әжей бас тартты.   
  5. 16 сағ. 55 мин. түтін шығып жатқан гараждың есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған 101 кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен гараждың есігін ашты, осымен өртті сөндіруге өрт сөндірішілерге жол ашты.  

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

 «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                                     Г.А. Куценко