kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұзда кірпіш зауыты ашылды

Екібастұзда шағын қалаларды дамыту және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары аясында  «Вершина» ЖШС-ның екінші кірпіш зауыты ашылды. Жаңа технологиямен құрылыс материалдарын шығаруға арналған өндірісті Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев іске қосты.

Инвестициялық жобаның құны - 2,2 млрд. теңге. Өндірістің жобалық қуаты жылына 36 млн. кірпішті құрайды. Зауытта 110 жұмыс орны құрылды.

 Кәсіпорын кірпіш өндірісінде шикізат ретінде «Екібастұз» көмір кенішінің қалдығын пайдаланады.

- Бізде шикізат бойынша проблема бар, жаңа қалдықтар қажет. Зауыттың үздіксіз жұмыс істеуі үшін көмір үйінділеріне неғұрлым еркін қол жеткізу мүмкіндігі және шикізатты шығаруға рұқсат қағаздары керек, - деп  «Вершина» ЖШС-ның  директоры Ә.Қуанышев өтінішін білдірді. Аймақ басшысы Қ.Бозымбаев облыс әкімінің бірінші орынбасарына бұл мәселені шешуде бірлесіп әрекет ету тетігін қарастыруды тапсырды.

Жаңа зауыт аймақ құрылысына өздері өндірген керамикалық кірпішті қолдануға жағдай туғызады. Бүгінгі таңда шығарылған өнім Астана, Павлодар мен Қарағанды нарықтарында сатылады. Болашақта  ЖШС-ы Ресей Федерациясының жақын облыстарына шығармақшы.

Кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып болған соң, Қанат Бозымбаев Құдайкөл ауылдық округінде орналасқан «Қарасор тау-кен байыту комбинаты» ЖШС-ы кірпіш шығару зауыты құрылысымен танысты.

Жобаның жүзеге асуы 2013 жылы басталған, жаңа зауытты толық іске қосу 2015 жылға жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 107 млн. теңгеден асады, оның ішінде 98 млн. теңгеден аса – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алынған несие қаражаты.

Жаңа зауыттың өндірістік қуаты - жылына 30 млн. дана кірпіш.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза