Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тағайындау

Екібастұз қаласы әкімінің 2012 жылғы 4 қаңтардағы №1 өкімімен Қайырбаева Маржангүл Жамбылқызы «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-сінің бастығы болып тағайындалды.

Қайырбаева Маржангүл Жамбылқызы 1965 жылы Павлодар облысы Ермак қаласында дүниеге келді.

Білім жоғары, 1986 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1986 жылы Ермак қаласындағы №1 орта мектепте бастаған. Бұдан кейін Ақсу қаласының білім бөлімінде әдіскер, бөлімінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі, инспекторлық бөлім бастығы, білім бөлімі бастығының орынбасары, Павлодар облысы білім басқармасының бастауыш және жалпы орта білім бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2010-2011 жылдары «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-сін басқарды. 2011 жылдың 31 тамызынан бастап 2012 жылдың 3 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.