Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жылдың басынан Павлодар облысының ХҚКО 320 дөңгелек үстел және 1043 семинар өткізді

Жыл өткен сайын ХҚКО көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны өсуде. Соынмен, қазіргі кезде ХҚКО-да азаматтар некеге тұру үшін өтініш, төлқұжатқа тапсырыс бере алады, салықтар мен айыппұлдарды төлейді, автокөлікті жүргізу үшін сенімхат алады, баланы бала -бақшаға кезекке қояды, ЖК тіркейді және т.б. қызметтерді, сонымен қатар жер қатынастары бағыты бойынша өтінім ала алады. Тұрғындарға  осы қызметтер қол жетімді болу үшін уәкілетті органдармен дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі, онда мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қиыншылықтар пайда болмас үшін, осы процесс сапалы өту үшін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барлық жағдайлары қарастырылады.           

Осы тәрізді іс-шараларды өткізу – тұрғындармен жұмыс жасайтын кез келген ұйымдағы ең басты жағдай болып табылады. ХҚКО қызметкері, құжаттарды қалыптастыра отырып, бекітілген стандартты қатаң басшылыққа алады, онда қажетті тізімдер мен көрсету мерзімдері нақты көрсетілген.