Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Автокөлік иелеріне қызмет көрсету үшін Павлодар қаласында мамандандырылған ХҚКО ашылады

             Павлодарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы алыс емес. 2015 жылдың басында жоспар бойынша есігінің алдында қызыл жіп кесілуі тиіс, деп  pavlodarnews.kz тілшісі ХҚКО облыстық филиалының баспа-хатшысы Насия Үсенбаеваға сілтеме жасап хабарлайды.

         Осы жаңалықтың алдында қыркүйек айынан бастап ХҚКО қызметкерлері Павлодар облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасында тіркеу-емтихан жұмысы бойынша қызметкерлермен бірігіп, автокөліктерді тіркеу, қайта тіркеу, тіркелген нөмірлік белгілерді беру, сенімхат бойынша көлік құралдарын жүргізетін тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ азаматтарға жүргізу куәліктерін беру қызметтерін көрсету бойынша дайындық оқуынан өте бастады.

         Сынақтан өту мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері келешекте құжаттар пакетін дұрыс шұғыл қалыптастыруды білуге, тұтынушылар қызметінің легімен, нақты автокөлік құралдарының иелерімен жұмыс жасауды білуге бағытталып отыр.

         Павлодар қалалық №3 бөлімнің инспекторы Динара Мускенова ТЕЖ сынақтан өтуді мамандандырылған ХҚКО көрсететін қызметтерді білу үшін тиімді әдіс деп санайды.

-Бұл жаңа бағыт. Алынған тәжірибемен біз өзіміздің әріптестермізбен бөлісеміз және оларға мамандандырылған ХҚКО көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктері туралы әңгімелеп береміз. Бастысы – немен айналыссаң да ықыластың болуы.

         Жаңа ХҚКО қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатынын айта кетуге болады. Азаматтарға жайлы қызмет көрсету үшін электрондық кезек қарастырылған.   Жүргізушілер куәлігін, техпаспорт пен нөмірді 1-2 сағат ішінде алуға болады.