Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылғы шөп шабу науқанын өткізу барысы туралы

         Болжам бойынша 2014-2015 жылдары қыстайтын мал 31825 шартты басты құрайды (өткен жылы 30420 шартты бас болған). 

         Осындай мал басын қыстан аман алып шығу үшін нормативтік есептерге сәйкес 28218 тонна мал азығын дайындау қажет.

         Екібастұз қаласының ауыл аймағында 2014 жылы мал азығын дайындаудың жұмыс жоспары әзірленіп, барлық ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдіктеріне 65900 тонна мал азығын дайындауға арналған жоспар-тапсырма берілді.

          Осындай шөпті дайындау үшін 163,8 мың гектар шабындық алқаптың, соның ішінде 14320 гектар атаулы шабындықтың шөбі шабылады.

         Шөп дайындауға 210 трактор, 219 жырту құрылғысы, 170 тырнауыш, 5 бірлік тығыздағыш және 47 бірлік стагомет жұмылдырылып, механизатор мамандармен толық қамтылды.

         Ағымдағы жылы шөптің шығу деңгейі өткен жылға қарағанда төмен. Ауыл аймақтардағы табиғи шабындықтарда шөптің орташа өнімділігі болжам бойынша  2,5-2,7 ц/га күтілуде (өткен жылы 4,4ц/га құраған).

          Осы жылдың көктемінде Шідерті және Көкөзек өзендеріне, Ақкөл, Екібастұз, Сарықамыс ауылдық округтеріне және Шиқылдақ ауылына экологиялық су жіберудің арқасында 14320 гектар алқапты су басқаны нақты тексеру барысында анықталды, ол 8,7% құрайды, ал алынған мал азығы жалпы санынан 37,5%, соның ішінде Ақкөл ауылдық округінің маңында 6000 га – 76,3%, Екібастұз 5420 га – 72,5%, Сарықамыс 2000 га – 43,4% және Шиқылдақ ауылы 900 га – 32,4% құрайды.

         Ауыл аймақтарда былтырғы қыстан қалған 13,1 мың тонна мал азығының қалдығы бар.

         Қазіргі кезеңде атаулы шабындықтардағы орташа өнімділігі 19,0 ц/га құрауда.

2014 жылғы 12 қыркүйекте 160,5 мың га (98,0%) шабындық алқаптың шөбі шабылып, 64,8% мал азығы дайындалды, ол 98,3% құрайды және қыстақтарға 45,0 мың тонна шөп тасымалданды (68,2%).

         Бүгінгі күні 2014-2015 жылдардағы қысқа өткен жылы қалған шөпті қосқанда 77,9 мың тонна мал азығы дайындалды, ол 118,2% құрайды.

         Ағымдағы жылы шөппен барынша қамту және малдың шетінеуіне жол бермеу мақсатында литрі 98 теңгеден 235 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.           

 

Ауыл шаруашылығы

   бөлімінің басшысы                                                           Ө.Токуров