Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мобильді "ХҚКО" арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны

       Мобильді топтардың шалғай жатқан ауылдық мекендерге жолға шығуы екі жылдан астам уақыт жүзеге асырылып отыр. Бұл жергілікті тұрғындар үшін өте қолайлы, өйткені оларға ауылдық бөлімдерге бару үшін қаражатты жіберу қажет емес, сонымен қатар олар өздерінің жеке уақыттарын айтарлықтай үнемдейді.

         Аудан орталығынан алыста орналасқан ауылдың тұрғындары осы тәрізді жолға шығуларға дән риза.  Мобильді ХҚКО жолға шығулары қашан болатындығы жөнінде олар бекітілген жолға шығу кестелері орналасқан жергілікті газет пен әкімдік сайтынан біледі. Сонымен қатар оларға әкімдік бұл жөнінде алдын ала хабардар етеді.

Қазіргі таңда Мобильді «ХҚКО» арқылы 171 мемлекеттік қызметті алуға болады. Көптеген сұранысы көп қызметтер электрондық үлгіге ауысқан, оларды электрондық цифралық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен алуға болады. Қызметкерлер  ауылдағы қызмет тұтынушыларын Электрондық үкімет порталымен қолдануды тегін оқытады. Осыған байланысты кез келген азамат министрліктің бірінші басшысының, облыс әкімінің онлайн-қабылдауына жазыла алады, ХҚКО кезегін броньдайды, баланы бала-бақшаға кезекке қояды, айыппұлдар мен салықтарды төлейді, зейнеткерлік төлемдер туралы анықтамалар мен т.б. алады. Сондай-ақ ауыл әкімдігінде қоғамдық қол жетімді пунктер орнатылған (ҚҚП), сол арқылы ауыл тұрғындары электрондық анықтамаларды алуға мүмкіндіктері бар.

Мобильді топтың жолға шығуы тұрғындар арасында өте  сұранысқа ие және мемлекеттік қызметтердің барлығына қол жетімді болуына маңызы зор рөл атқарады.