Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.01.09. бастап 14ж.08.09. дейінгі аралықта «Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 11 сағ. 08 мин. еденге құлап қалған және өздігінен тұра алмайтын жалғыз тұратын зейнеткерге құтқарушылардың көмегі керегі жайында хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, әйелді диванға көтерді. Медициналық көмектен және жедел жәрдемді шақырудан ол бас тартты.     
  2. 08 сағ. 02 мин. көзінен мүгедек көршісі қабырға қағып көмек сұрап жатқандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың көзінше үйдің төбесінен 4-қабаттың балконына түсті, балкон есігі арқылы пәтерге кірді және пәтердің ішінен сыртқы есікті ашты. Әйел бөлмелердің бірінде еденде жатты, құтқарушылар оны диванға көтеріп жатқызды, жедел жәрдемді шақырды.     

3. 10 сағ. 52 мин. ісіп кеткен саусақтан жүзікті шешуге құтқарушылардың көмегі керектігі жайында хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, тістеуіктің көмегімен жүзікті тістеп алып саусағын босатты.  

4. 21 сағ. 21 мин. өз кілтімен пәтерінің сыртқы есігін аша алмай тұрғандығы, ал пәтерде 5 және 6 жасар екі бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 6-қабаттың балконынан 4-қабаттың балконына альпинистік жабдықтың көмегімен түсті, балкон есігі арқылы пәтерге кірді және ішінен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.

 

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»  

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                                      Оспанов М.М.