kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

ХҚКО қызметкерлері алғашқы рет ұзақ өмір сүрушіні тіркеуге отырғызды

    Call-centerге  Иван Макаровичке үй жағдайында мемлекеттік қызметті алу үшін өтінімді оның қызы Нина Ивановна жіберген. Павлодар ауылының тұрғыны, 108 жасқа келген клиентпен кездескенде  ХҚКО қызметкерлері таңданғандарын  жасырмады.

         «Қызмет алушының деректері көрсетілген өтінім қағазын қолға алып,ондағы құрметті жерлесіміздің туған жылы 1906 жыл екенін көргенде, әрине, Қазақстанның ұзақ өмір сүрушіні жеке көруге және оның қолын қысып, денсаулық тілейін»- деп Павлодар қалалық № 3 бөлімінің басшысы Азина Мұхамедқызы алдағы кездесуден алатын сезімін білдірді.

         Мобильді топтың қызметкерлерін Нина Ивановна  өзі қарсы алды және алыстағы Белоруссияның Витебск облысынан 1960 жылы Павлодар қаласына тың игерген  кезде қалай келгендерін қонақтарға айтып берді. Иван Макарович ҰОС мүгедегі, Жеңіс Күніне орай ол туралы «Аңыз - Адам» документальдық фильм түсіріліп, жергілікті арнадан көрсетілген. «Біздің отбасымызда 6 бала болдық, өкінішке орай біздің арамызда екеуі жоқ. Нақты айтатыным, әкеміздің бүгінгі күні 16 немересі мен 2 шөбересі бар. Ескі күнтізбе бойынша оның туған күні 28 тамызда, ал жаңа күнтізбе бойынша 11 қыркүйек»-деген сәтте қызының әңгімесіне Иван Макарович, оны Иван деп Иоанн Крестительдің құрметіне атағанын айтты. ХҚКО қызметкерлері соғыс ардагеріне «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін алу үшін қолын қоюды сұрады. Иван Макарович, ешқашан қолданбайтын көзілдірігін жанына қойып, құжатқа өзінің әдемі қолтаңбасын қалдырды.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза