kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Сынап төгілген кездегі іс-қимыл

         Сынап-күміс түстес жылтыр, сұйық металл, белгілі сұйықтықтан ауырлау.

Сынап сұйық күйдегі жалғыз сұйық металл.

         Егер үйде сынап төгілген болса, ол жұмсақ жиһазға, түс қағазға, кілемге түспеуі қажет.

         Сынап төгілген жер үлкен көлемді болса, оның булануы да соғұрлым күшті болады.

Бөлмеде сынап төгілсе не істеу керек?

1. Терезені ашып, бөлмені желдетіңіз.

2. Сынап төгілген жерді қоршап, оның жан-жаққа таралуына жол бермеңіз.

Сынап жабысқақ келеді, сондықтан аяқ киімге жабысып бүкіл бөлмеге таралуы мүмкін.

 3. Сынапты қолмен немесе шаңсорғышпен жинауға болмайды. Газетті суға малып оны сығып, қолға резеңкелі саусақты қолғап киіп ылғалды газетпен жинаңыз, жабысқақ пластырь  немесе скотчпен (сынаптың тамшыларын газетке, жабысқақ пластырь  мен скотчқа жабысқан күйі суы бар банкаға салынады) оны қақпақпен жабыңыз. Сондай-ақ сынапты медициналық шприцпен немесе спринцовкамен жинайды.

 4. Жиналған сынапты бірнеше сағат жылытқыш құрылғылардан алыс жерде су ішінде сақтауға болады. Сынаптың бөлмеде көп сақталауы адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

 5. Есіңізде болсын, сынап үнемі қоршаған ауада булана береді. Оның буы тыныс алу мүшелеріне өте қауіпті. Сынап  буымен уланбас үшін, дене қызуын өлшейтін сынапты құрал және люминесценцияға негізделген лампа сынғанда қоқыс салатын ыдысқа жәнеде үйдегі су құбырларына лақтырмаңыз.

 6. Сынап төгілген жерді күшті марганцовка ерітіндісімен немесе хлорлы сумен сүртіп, сабынмен сода (ас содасы) қосылған ыстық ерітіндімен жуыңыз.  

Сынаппен уланудың белгілері:

 

 Төгілген сынаптың буларын көзбен көре алмайсыз, оның буларын арнайы құрылғылар арқылы айқындауға болады. Уланудың тағы бір белгілері арқылы білуге болады, олар: 

- ауызда темір дәмінің сезілуі;

 - кіші дәрет түсінің өзгеруі;

 - бастың жиі ауруы;

 - саусақ, бармақ бастарының үнемі тоңазуы.

Егер осындай белгілер сезілетін болса дәрігерге қаралу қажет.

 

М. Хамитова,

ТЖ басқармасының

бас маманы

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза