Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014ж.25.08. бастап 2014ж.31.08. дейінгі кезеңде «Екібастұз қ. ТЖБ Жедел-құтқару жасағы» ММ күшімен өткізілген авариялық-құтқару жұмыстары

1. 16 сағ. 33 мин. ательенің шатырында 3-қабаттың терезесінен құлаған әжей жатқандығы туралы хабарлаған жедел жәрдем диспетчерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, әжейді қарап шықты, аяғының сынғанына көз жеткізіп, шиналарды кигізді және альп.жабдықтың көмегімен әжейді жерге түсірді. Жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

3. 15 сағ. 07 мин. өзінің қарт әкесінің есік ашпайтындығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, терезенің желдеткішінен пәтерге кірді және сыртқы есікті ішінен ашты. Бөлмелердің бірінен пәтер иесінің денесін тапты.

4. 10 сағ. 30 мин. дәріхананың шатырында 3-қабаттың балконынан құлап түскен әйел жатқандығы жөнінде хабарлаған жедел жәрдем диспетчерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альп.жабдықтың көмегімен жерге түсірді және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңға қарсы әрекеттері жағдайындасенім телефондарына хабарлауларыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

4-ші құтқару бөлімшесінің басшысы                            Қайырбаев Ж.К.