Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Білім беру нысандарының жаңа оу жылына дайындығы туралы» апарат

 

Екібастұз өңірінің білім беру жүйесінде 73 білім беру мекемесі бар, соның ішінде 45 мектеп, 24 мектепке дейінгі мекеме және 4 осымша білім беру мекемесі.

Ағымдағы жылы жаңа оу жылына білім беру мекмелерін дайындау аясында 21 нысанды, соның ішінде: 10 мектепті, 11 балабашаны жөндеу жұмыстарын жүргізуге 126910,0 мың теңге бөлінген.

2014 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша 15 білім беру мекемесінде жұмыстар толық аяқталды. 5 білім беру ұйымында орындалған жұмыстардың көлемі 70-90 % құрайды, аяқтау мерзімі - ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін. № 10 ЖОБМ бойынша – жеңіл атлетика шолағы шартқа сәйкес ағымдағы жылдың 23 қыркүйегіне дейін аяқталатын болады (жеңіл атлетика шолағына арналған ақшалай қаражат бюджет нақтыланған кезде  бөлінген).

Осыған қоса, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 4 ауылдық мектеп үшін 39 057,0 мың теңге сомада ақшалай қаражат бөлінді. 2014 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша 4 мектепте жұмыстар аяқталған.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған бағдарлама аясында екінші траншпен 2 мектепті (№ 14 ЖОБМ және Төрт – Құдық ЖОБМ) күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта Төрт – Құдық ЖОБМ-дағы жұмыстар 100 % көлемде орындалған (мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстары тәсілімен жүргізілген). № 14 ЖОБМ-ға қатысты мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен өткізілген, конкурс өтпей қалған. 14 тамызға «СтихНК» ЖШС-мен бір көзден тәсілімен шарт жасалған.

17 білім беру нысанын ағымдағы жөндеу жүргізілген, соның ішінде: 8 мектеп, 9 – балабақша. Бүгінгі күнге аталған 17 ұйымды жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

Оқытудың 12 жылдық үлгісіне көшу және 17 ауылдық мектеп оқушылары үшін денсаулық сақтау жағдайларын туғызу шеңберінде 2014 жылы жергілікті бюджет қаражатынан жылы дәретханаларды ғаымдағы жөндеуге 38 956,0 мың теңге бөлінді. Жылы дәретханаларды орнату аяқталды.

Ағымдағы жылы құбырларды сығымдау және жуып-шаю жұмыстарына 2 900,0 мың теңге бөлінді.

73 білім беру ұйымының ішінде 49 ұйым тұщыландыру мен шаюға жатқызылады. 22 тамыздағы жағдай бойынша  жылу беру маусымына   рұқсатнаманы тек 41 ұйым алған, 6 нысанда жөндеу жұмысының аяқталуы бойынша  тұщыландыру жұмысы жүргізілді, акт жылу жүйесінде қол қойғызу үшін  жатыр. 2 бала бақшадағы  (№12 және №21 б/бақша) тұщыландыру жұмысы  ағымды жылдың 26 тамызына белгіленіп отыр.

Ауыл мектептерін жылыту маусымына дайындау үшін ағымдағы жылы 23 019,1 мың теңге сомаға 7273 тонна көмір сатып алынды. Көмірді жеткізу аяқталды.

Білім беру мекемелерін материалдық-техникалық базамен нығайту бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіледі. Өңір мектептері кезең-кезеңмен және жоспарлы түрде жаңа кабинеттермен жабдықталуда. Ағымдағы жылы 6 мектепке (№ 6, 18, 24, Екібастұз, Комсомол және Байет ЖОБМ) интерактивті жабдықталған химия кабинеттерін сатып алуға  республикалық бюджеттен 24 582,0 мың теңге бөлінді. 15 мектептің компьютерлік кешені 36 000,0 мың теңгеге жаңартылған. 8 мектеп асханасында 3 200,0 мың теңге сомаға технологиялық жабдықтар ауыстырылды. № 17 және №33 ЖОБм оқушыларын тасымалдауға арналған 2 мектеп автобусын сатып алуға 15 000,0 мың теңге бөлінген. Осыған қоса, 7 450,0 мың теңге сомаға 10 мектеп үшін қазақ тілі кабинеттері сатып алынды. Сонымен қатар Оқытудың 12 жылдық үлгісіне көшу аясында 18 мектепке ойын бөлмелеріне арналған жићаз 6 300,0 мың теңгеге сатып алынды.

Оқушыларды оқулықпен және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 64 030,0 мың теңгеге  73919 дана сатып алынды.  Оқулықтар ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін жеткізілетін болады.

Жалпы орта білім беретін мектептерде 1644 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді  - 87 %, орта кәсіби  - 13 %. Өткен оқу жылымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 % артты.

 Жыл сайын жоғары және бірінші біліктілік санатты мұғалімдер үлесі 56 % құрайды, лицензиялық талаптарға сәйкес келуде.

2014 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша 47 маман келді, соның ішінде қала мектептеріне – 28, ауыл мектептеріне – 19.  29 маман келген жоқ, соның 3-і бас тартқан, ал 3-і магистратураға түскен. Келмей қалған жас мамандар бойынша жоғары оқу орындарына хаттар жіберілді.  

Сонымен қатар білім беру мекемелерінде келесі пәндер бойынша 11 бос жұмыс орны бар:

 математика – 5 (ауыл- 5),

 ағылшын тілі – 3 (ауыл 3)

 бастауыш сыныптар – 2 (ауыл 2)

 химия - биология – 1 (ауыл 1). 

Бос жұмыс орындары еркін жұмысқа орналасу бойынша жіберілген түлектер санынан және биржада жұмыссыздар ретінде тіркелген педагогтар қатарынан жас мамандарды жіберу жолымен толықтырылады. 

 

 

Бөлім басшысы                                                         Н. Макумова