Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әкімдік отырысы өтті

          2014 жылдың 25 тамызында Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі  Александр Вербняктың  төрағалық етуімен  әкімдік отырысы өткізілді.

          Күн тәртібіне сәйкес білім беру нысандарының жаңа оқу жылын бастауға дайындығы, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын іске асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар және қалалық ведомствоаралық комиссияның құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы мәселелер талқыланды.

           Күн тәртібінің   сұрақтары бойынша    әкімдік бөлімдерінің басшылары мен Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Данияров Әди сөз сөйледі.  

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр сұрағына қаулы қабылданды.