Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.18.08. бастап 14ж.25.08. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 15 сағ. 31 мин. үйінен аз уақытқа шыққандығы және пәтердің ішінде 4 және 2 жасар балалары сыртқы есікті ішінен ысырмаға жауып алғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.    
  2. 15 сағ. 06 мин. оларға аяғы ауыр әйел келгендігі, әйелдің қолы ісініп кеткендіктен сақинасын шеше алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған ТЖБ кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, тістеуіктің көмегімен сақинаны тістеп алып, саусақты босатты.    
  3. 10 сағ. 08 мин. балконына ара ұя салғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, ара ұясын тауып алып оны жойды.    
  4. 10 сағ. 40 мин. құлпы желініп қалғандықтан көршісі пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құқарушылар оқиға орнына келіп,  төртінші қабаттың балконынан  үшінші қабаттың балконына түсті, пәтерге кіріп сыртқы есікті ішінен ашты.  

  

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-құтқару бөлімшесінің басшысы                          Смирнов С.Ю.