Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылдың 26 қазанына тағайындалған, Екібастұз қалалық мәслихатының шығып кеткен депутатының орнына сайлауды өткізуге қатысты негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспары

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының 2014 жылғы 22 тамыздағы № 2

шешіміне қосымша

2014 жылдың 26 қазанына тағайындалған,

Екібастұз қалалық мәслихатының

шығып кеткен депутатының орнына сайлауды өткізуге қатысты негізгі іс – шаралардың

күнтізбелік жоспары

1. № 4 Богатырьский сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну.

 

 

Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердің жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлiмшелерi және өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар. 2014 жылдың 25 тамызынан басталады, 2014 жылдың 25 қыркүйегінде аяқталады.

 (103-б.)

 

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

                                           

 

Қала әкімі.

сайлау тағайындалғаннан кейiн жетi күннен кешіктірілмей 2014 жылдың 29 тамызынан кешіктірілмей (23-б.)

 

3. учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

                                        

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.           

сайлау тағайындалғаннан кейiн жетi күннен кешіктірілмей 2014 жылдың 29 тамызынан кешіктірілмей  (17-б.)

 

 4. № 4 Богатырьский сайлау округі туралы мәліметті оның шекарасы мен округтік сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.           

сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешіктірілмей 2014 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей  (22-б.)

 

         5. Округтік сайлау комиссиясының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                                             

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.           

сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешіктірілмей 2014 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей (15-б.)

 

         6. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                                             

 

Аумақтық сайлау комиссиясы.           

сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешіктірілмей 2014 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей(13-б.)

 

7. Сайлаушылардың тізімдерін құру.

 

 

Халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдардың ұсынған мәліметтері негізінде, Екібастұз қаласының тиісті жергілікті атқарушы органдары.  (24-б.)

 

         8. Акт бойынша сайлаушылардың тізімін тиісті сайлау комиссиясына ұсыну.

 

 

Қала әкімі.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын –  2014 жылдың 6 қазанынан кешіктірмей 24-б.5-т.)

 

         9. Ұсыну туралы шешімді мәслихат депутаттығына ұсынылған депутатының назарына жеткізу.

                               

 

Қоғамдық бiрлестiктердің жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (103-б. 3-т. (1-тт.)

 

         10.  Мәслихат депутаттығына кандидаттың ұсыну туралы шешімді дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге округтiк сайлау комиссиясына жiберуi.

 

 

Қоғамдық бiрлестiктердің жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, депутаттыққа кандидаттар  (103-б. 3-т. (2-тт.)

 

11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оған қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтау.               

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы.

Азаматтың өзін-өзі ұсыну туралы арызды беру немесе қоғамдық бірлестік жоғарғы органы отырысының хаттамасынан кандидатты ұсыну туралы үзіндіні дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге ұсыну кезінен үш күн iшiнде  (103-б. 8-т.)

 

12. Тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен және нысанда 2014 жылғы 1 тамызына табысы және мүлкi туралы декларациялар ұсыну

 

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидатты тіркегенге дейін

(104-б. 1-1-т.)

 

          13.  Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тiркеу және әрқайсысына тиісті куәліктерді беру

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы.

2014 жылғы 25 тамыздан басталады және сайлау күнiне жиырма бес күн қалғанда2014 жылғы 1 қазанда аяқталады

(104-б. 8-т.)

 

         14. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы хаттама жасау және оны тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету.

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы.

 Бес күн мерзім ішінде.  (104-б. 5-т.)

         15. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.                           

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы.

кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей 

 (104-б. 6-т.)

 

16. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру

 

 

Салық қызметi органдары

Кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде (104-б .1-1-т.)

 

17. Сайлау қорларын округтік сайлау комиссиясында тіркеу.

                               

 

Мәслихат депутаттығына кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың округтік сайлау комиссиясына жүгінген кезінен бір күнтізбелік күн ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 ж. 19.08 № 7/8 қаулысы). (34-б. 2-т.)

 

18. Мәслихат депутаттығына кандидаттарына сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы.

Кандидатты тіркегеннен кейін  (34-б. 6-т)

 

19. Мәслихат депутаттығына кандидаттарының сенім білдірілген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәліктер беру

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімін тіркеу үшін бергеннен кейін (31-б.)

 

20. Сайлау алдындағы үгіт.

                                           

 

Кандидаттар тiркелген мерзiмi аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. (2014 жылғы 2 қазаннан басталады, 2014 жылғы 24 қазанда сағат 24-те аяқталады).  (27-б. 2-т.)

 

21. Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлеу  және оларды жарақтандыру.

                                     

 

Жергілікті атқарушы органдар және қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алды үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)

 

22. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде үй-жай беру.

          Бөлiнген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                                 

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алды үгіт жүргізу кезеңінде  (28-б. 4-т.)

 

         23. Сайлау учаскелерiндегi сайлаушылардың тiзiмдерiн танысу үшiн сайлаушыларға беру.

                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда – 2014 жылғы 11 қазаннан кешіктірмей (26-б. 1-т.)

 

         24. Сайлау учаскелерінде дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлаушыларды хабардар ету.

                                    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей - 2014 жылғы 16 қазаннан кешіктірмей (38-б. 2-т.)

 

25. Қажетіне қарай жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеу және ол туралы сайлаушылардың назарына жеткізу.

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы. (38-б. 1-т.)

 

            26.  Отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерiн анықтау жөнінде округтiк сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін сайлау учаскесін анықтау

 

 

Округтік сайлау комиссиясы.

Дауыс берiлетiн күннен кемiнде он күн бұрын – 2014 жылғы 16 қазаннан кешіктірмей. (43-б. 8-1-т.)

 

27. Сайлау бюллетеньдерiн учаскелiк сайлау комиссияларына жеткiзуi.  

                          

 

Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары.

сайлаудан кем дегенде бiр күн бұрын – 2014 жылғы 24 қазаннан кешіктірмей. ( 37-б. 3-т.)

  1. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

                                          

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын.

(2014 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 6 – 00-де).  ( 40-б.)

  1.  Дауыс беруді өткізу. 

                                             

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбеген жағдайда, дауыс беру сайлау күнi, 2014 жылғы 26 қазанда,  жергiлiктi уақытпен сағат 7-00-ден 20-00-ге дейiн.  (38-б. 1-т., 42-б.)

 

         30. Сайлау учаскесіндегі дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттаманы жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Егер дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса, жергiлiктi уақытпен сағат 20-00-де басталады. (43-б.)

 

31. Хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға iлу 

                                  

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін - дереу. (43-б. 8-т.)

 

32. Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманы округтiк сайлау комиссиясына дереу жiберу.

                                                 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыстарды санау мен хаттаманы жасау аяқталғаннан

кейін  – дереу. (108-б. 1-т.)

 

           33. Сайлау округі бойынша мәслихат депутаты сайлауының нәтижелерiн анықтау, тиісті хаттама жасау және оны тисіті аумақтық сайлау комиссиясына жіберу.

                        

 

Округтiк сайлау комиссиясы

сайлау өткiзiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде 2014 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей.  (108-б. 2-т.)

 

34. Сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу. 

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы

Дауыстарды санау мен хаттаманы жасау аяқталғаннан

кейін  – дереу. (43-б. 8-1 т.)

 

           35. Сайлау учаскелерiндегi дауыстарды санаудың нәтижелерi туралы алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпы жұрттың танысуы үшiн отырысы өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу.

 

Округтiк сайлау комиссиясы

дауыс беру күнiнен бастап бес күннен кешiктiрмей  – 2014 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей.  (43-б. 8-2 т.)

 

         36. Округ бойынша сайлау нәтижелерi туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы (16-б. (9-тт.)

  1. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей – 2014 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей. (111-б. 1-т.)

 

          38.  Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

сайлау  өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей– 2014 жылғы 2 қарашадан кешіктірмей(44-б. 4-т. (2-тт.)

 

         39. Кандидаттардың сайла қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Округтiк сайлау комиссиясы

сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде -  2014 жылғы 12 қарашадан кешіктірмей. (34-б. 4-т.)

 

  1. Сайланған мәслихат депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.

                                          

 

Аумақтық сайлау комиссиясы (46-б. 3-т., 112-б. 1-т.)

 

      

Ескертпе: Күнтүзбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.