kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

2014 жылдың 26 қазанына тағайындалған, Екібастұз қалалық мәслихатының № 4 Богатырьский сайлау округі бойынша шығып кеткен депутаттың орнына сайлауды өткізуге қатысты негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспары туралы

Екібастұз қ.                                                                  2014 жылғы 22 тамыздағы

№ 2

ШЕШІМІ

 

 

2014 жылдың 26 қазанына тағайындалған,

Екібастұз қалалық мәслихатының

№ 4 Богатырьский сайлау округі бойынша шығып кеткен

депутаттың орнына сайлауды өткізуге

қатысты негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспары туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-б. 1-т. сәйкес және облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 22 тамыздағы № 10 қаулысы негізінде Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

1. 2014 жылдың 26 қазанына тағайындалған, Екібастұз қалалық мәслихатының № 4 Богатырьский сайлау округі бойынша шығып кеткен депутаттың орнына сайлауды өткізуге қатысты негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2.  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 103-б. 6-т., 104-б. 8-т. сәйкес кандидаттарды ұсыну және оларды тіркеу 2014 жылғы 25 тамыздан басталады деп белгіленсін.

3. Осы шешім Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен белгіленген Қағидаларға сәйкес сайлаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін қамтамасыз ету үшін № 4 Богатырьский сайлау округі бойынша депутатты сайлауға қатысты округтік сайлау комиссиясына,  № 520, № 523 және № 576 сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.

 

 

Қалалық аумақтық

       сайлау комиссиясының

          төрағасы                                                          Б.Б. Амантаев

 

Қалалық аумақтық

       сайлау комиссиясының

          хатшысы                                                           С.И. Качура

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза