Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының әкімі А. Ф. Вербняк жүктелген қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берді

Дүйсенбі күні Екібастұз қаласының әкімі А. Ф. Вербняк жүктелген функцияларды және міндеттерді орындау туралы қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берді.

Есеп кездесуіне облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, әкім орынбасарлары, қаланың прокуратурасы және ІІБ өкілдері, мемлекеттік мекеме, кәсіпорындардың басшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Онда 150 адам қатысты. Абаттандыру саласына, байланысты 1 мәселе көтерілді, яғни Северный поселкесіне жарықтандыруды орнату. Бұған қала басшысы:

         - Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында қаланың Северный ауданын жарықтандыру желілерінің құрылысы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 400 баған орнатылды, - деп жауап берді.

         Әкімнің есебінен  кейін қалалық мәслихат депутаттары Владимир Егер мен Ләзат Бекбергенова  сөз сөйлеп, қанағаттанарлық деген баға берді.