Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербняктың 2014 жылғы бірінші жартыжылдық есебінің тезистері

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша келесідей нәтижелерге қол жеткізілді.

Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 149,4 млрд. теңгені құрады, яғни 2013 жылғы сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 11,3 пайызға жоғары.

Өнеркәсіп өнімінің жеке көлем индексі 105,6 % құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 млрд. теңгені құрады.

Өңірдегі экономикаға 56,5 млрд. – тан аса теңгеде қаржы салынған болатын, 2013 жылдың деңгейіне сәйкес келеді.

Құрылыс жұмыстарының жеке көлем индексі 2013 жылға 226,3 % құрады.

Бір жұмыскердің орташа еңбекақысы 13,7 % - ға өсіп,  106,0 мың теңгеден асты.

Кейінгі даму шағын және орта бизнес саласында орын алды.

Барлық деңгейдегі бюджетке 26,5 млрд. теңгеде салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде 10,4 млрд. теңгесі – шағын және орта бизнес субъектілерінен.

Қалалық бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі 2013 жылға қарай108,4 % -ға өсумен 6,5 млрд. теңгені құрады.

Белсенді әрекет етіп жатқан кәсіпорындардың саны - 638, 2013 жылғы көрсеткіштен 7 % - ға артық.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы шағын және орта бизнестің 7 кәсіпорны әрекет етіп жатқан кәсіпорындарды кеңейтуге және жаңғыртуға, жабдықтар мен автокөліктерді сатып алуға 7,5 млрд. – тан астам теңге сомасында жеңілдікті қарыз қаражатын алды.

Қосымша 69 жұмыс орны ашылды.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 8 азаматқа жаңа өндіріс ашу үшін жалпы сомасы 24,0 млн. теңгеге мемлекеттік гранттар берілді.

Екінші деңгейдегі банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін қаражаттандыруға 120,0 млн. теңге бөлінді.

90,0 млн.теңгедегі қаражаттандыру сомаға 10 жоба мақұлданды. (жобалардың жалпы сомасы – 1, 4 млрд. теңге).

Шағын несие беру бағыты бойынша 366,4 млн. теңге қарастырылған.

270,5 млн. теңгеге шағын несие алуға қатысуға 102 өтінім келіп түсті, оның ішінен 59 адам жалпы сомасы 138,9 млн. теңгеге шағын несие алды.

Шағын несие берудің шарттарына сәйкес 440 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту өткізілді. Тамыз айының соңына дейін тағы 50 кәсіпкерді оқыту жоспарланып отыр.

Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу шеңберінде 10 адам мал шаруашылығын дамыту үшін 30,0 млн. теңгеге шағын несие алды. Шалғайдағы мал шаруашылығына арналған 5 блок – модулі сатып алынды.

Елдің үдемелі индустриалды – инновациялық дамуы бағдарламасы аясында жалпы сомасы 864,6  млрд. теңгеге 32 инвестициялық жоба, соның ішінде Республикалық индустрияландыру картасының 4 жобасы,  іске асырылуда.

Бағдарламаның іске асырылуынан бастап 68 млдр. – тан астам теңге сомаға 19 жоба аяқталды.

Ағымдағы жылы 370,0 млрд. теңге сомаға 5 жобаны іске асыру жалғасуда:

Екібастұз МАЭС – 1 – дегі № 1, № 2 энергия блоктарын қалпына келтіру, Екібастұз МАЭС – 2 үшінші энергия блогының құрылысы, Бозшакөл ТКБК құрылысы.

2014 жылғы маусымда «R.W.S. BINDING» ЖШС (Р.В.С. Баиндинг) рельстік бекітпенің пластикалық бөлшектерін шығару өнідірісін іске қосты.

Кәсіпорында («EURASIA COPPER OPERATING» ЖШС) қосу – реттеу жұмыстары жүргізілуде, мыс шығару және мыс концентратын өндіру басталды. Аяқ – Қоджан кен орнында фабрика мен зауытты біржола іске қосу 2014 жылдың 4 – тоқсанына жоспарланды.

 «R.W.S. Concrete» ЖШС (Р.В.С. Конкрит) және «R.W.S. Wheelset» ЖШС қатты қыздырылған темір бетонды білеу өндіретін цехты және теміржол білектерін шығару мен жұпты доңғалақтарды қалыптастыру зауытын салуды жалғастыруда.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының «Экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту» бағыты бойынша екі «зәкірлік» жобаны іске асыру жалғасуда:

1) Бозшакөл ТКБК құрылысы.

2) «Проммашкомплект» ЖШС.

Инновациялық жобаларды іске асыру қаланың кейінгі экономикалық дамуын және әлеуметтік мәселелердің шешілуін қаматамсыз етті.

Білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамтамасыз ету саллаарындағы әлеуметтік маңызы бар іс – шараларды қаржыландыру басым тәртіпте жүргізілуде. Осы мақсаттарға бюджет шығынының жалпы көлемінен 49 % -ы жіберілген.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеуімен сипатталады.

2014 жылдың 1- жартыжылдығында жаңа кәсіпорындардың кеңеюі мен ашылуы арқасында 1748 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 533 - і – тұрақты, 1215 - і – уақытша.

370 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде әлеуметтік жұмсы орындарына – 127 адам.

Қоғамдық жұмыстарға 194 жұмыссыз қатысты.

Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда.

 Бағдарлама аясында бірінші жартыжылдықта 43 жұмыссыз кәсіби оқытуға жіберілді.

117 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.

Қаланың кәсіпорындарына жастар тәжірибесін өтуге оқу мекемелерінің 60 түлегі жіберілді.

Бағдарламаның 121 қатысушысы колледждегі оқуды бітіріп, қаланың кәсіпорнына жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта 45 адам жұмыс істеуде.

Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша әлеуметтік – экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан Павлодар қаласына 5 отбасы көшіп келді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында жалпы сомасы 261,4 млн. теңгеге қаланың ауылдық елді мекендеріндегі әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды жөндеуге қатысты 11 жоба іске асырылуда.

 Қазіргі уақытта академик Ә. Марғұлан атындағы ауылдың жолын жөндеу, Солнечный кентіндегі, Төртүй ауылындағы ауылдық дәрігер амбулаториясының, Ақкөл ауылындағы медициналық пунктінің ғимараттарын, Шідерті кентіндегі дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің ғимаратын, Сарықамыс, Майқайың, Қарасор, Ақкөл мектептерін және Құдайкөл ауылына кіреберіс жолын күрделі жөндеу аяқталды.

Екібастұз  - Бесқауға автомобиль жолын күрделі жөндеу жалғастырылуда.

Жобаларды іске асыру барысында 134 жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаның екінші траншы бойынша Бесқауға, Ақкөл ауылдарының клубтарын, Төрт – Құдық және Қоянды ауылдық округтерінің мектептерін күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Есепті кезеңде әлеуметтік қолдаумен 4 мыңнан астам адам қамтылды, соның ішінде:

68 отбасыға 4,0 млн. теңгеден астам сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілді  (2013 жылдың ұқсас кезеңінде – 71 отбасы,  4,2 % - ға төмен);

18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 183 отбасыға  3,3  млн. теңгеге жуық сомада мемлекеттік жәрдемақы төленді (2013 жылдың ұқсас кезеңінде – 214 отбасыға, 14,4 % - ға төмен);

1925 отбасыға 22,9 млн. теңгеден астам сомада тұрғын үй көмегі көрсетілді  (2013 жылдың ұқсас кезеңінде - 2147  отбасы, 10,3 % - ға төмен).

Жұмысқа орналастыруға, кәсіби оқытуды ұйымдастыруға және әлеуметтік қолдауға қатысты кешенді іс – шаралар кедейліктің деңгейін 0,14 % - дан 0,12 % - ға дейін төмендетуге жағдай туғызды.

Экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен білім беруде бәсекелестікке қабілетті арттыру, адам капиталын дамыту 2020 жылғы дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылады.

Жаңа оқу жылына білім беру нысандарын дайындау үшін жалпы 104 млн. теңгедан аса сомаға 20 білім беру нысанында  (9 мектеп, 11 бала бақша) жөндеу жұмыстары аяқталды.

 Білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базаларын нығайтуға 53,0 млн. теңге бөлінді..

5 қазақ тілі кабинеті, 4 мектептің асханасына арналған технологиялық жабдық, ойын бөлмесі, компьютер кабинеті мен химия кабинеті сатып алынды.

Шалғайдағы елді мекендерден оқушыларды үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін № 17, № 33 мектептерге 2 автобус сатып алынды, қыркүйек айында Ақкөл мектебіне арналған автобус сатып алынатын болады.

Мектептерге арналған оқу - әдістемелеік кешендерді, оқу әдебиеттерін 64,0 млн. теңге сомаға сатып алу жүзеге асырылды.

12 – жылдық оқуға көшуге дайындық және 17 ауылдық мектепте денсаулықты сақтау жағдайларын туғызу шеңберінде жылы дәретханалар орнату жұмыстары аяқталды.

Білім берудің барлық ұйымдары педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылы деңгейлік қайта даярлау курстарын 39 педагог өткен.

Әлеуметтік саладағы жас мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жұмыстары жалғастырылуда.

Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша ауылдық мектептерге жұмыс істеуге 17 маман келген.

Оларға жалпы 14,6 млн. теңге сомаға 6 көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін 6 несие берілген.

 «Балапан» бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі біліммен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100 % - ға дейін, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 94% - ға дейін қамтылуы қамтамасыз етілді.

Ауылдық жерлерде мектепке дейінгі білім берумен қамту 100%-ды құрайды.

Қала мектептерінде оқушылар арасындағы қылмыстың оң төмендеу қарқыны байқалуда. 6 ай ішінде жасөспірімдермен 22 қылмыс жасалынған болатын, өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 8,3 % - ға төмен  (2013 ж. – 24).

Жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу мақсатында, білім берудің барлық мекемелері  бенебақылаумен қамтамасыз етілген.

Осы оқу жылында Екібастұз қаласы бойынша ҰБТ – дан орташа балл 74,6 құрады, өткен жылдың көрсеткішінен 2,2 – ге артық, республикалық орташа баллмен – 76,9. 

Өмір сапасының деңгейін арттырудың маңызды бағыты медициналық қызметтер көрсетудің, салауатты өмір салтын қалыптастырудың сапасын және қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Өңірдің денсаулық сақтау жүйесін 2014 жылы қаржыландыру  3,0 млрд. – тан аса теңгені құрады.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру арқасында мемдициналық инфрақұрылымның тұрақты өсуі байқалуда.

Осы жылы ауысымына 500 келіп – кетушіге арналған, жаңа жабдықтармен жабдықталған емхана іске қосылды.

Ақкөл және Төртүй ауылдарындағы медициналық пункттерді, перзентхананы күрделі жөндеу жүргізілді.

Емдеу – профилактикалық мекемелердің материалдық – техникалық базаларын жабдықтау жұмыстары жалғастырылуда.

Ағымдағы жылы қалалық ауруханаға жалпы 85,1 млн. теңге сомаға жаңа медициналық жабдық сатып алынды. Ол – сандық рентгенография жүйесі, хигургиялық операцияларға арналған бейнеэндоскопиялық кешен және инсульт орталығына арналған жабдық.

Жылдың аяғына дейін 4 санитарлы көлік сатып алу жоспарланып отыр.

         2014 жылдың бірінші жартыжылдығында жылжымалы медициналық пункт 7385 адамды байқаудан өткізіп, 4731 диагностикалық тексеру жүргізді, 553 ауру анықталды.

         Екібастұз қаласына 3 жас маман келіп, емдеу – профилактикалық мекемелерге жұмысқа орналастырылды.

         Осы атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде халық денсаулығының жақсарғаны байқалады:  

         2013 жылмен салыстырғанда жалпы өлім көрсеткіші адамына 9,02-дан 8,73-ке дейін, яғни 1000 адамға төмендеген (облыс бойынша – 10,14);

         ана өлімі сияқты оқиға тіркелмеген (облыс бойынша – 0);

         туберкулез сырқатының көрсеткіші 83,0-ден 75,1-ге дейін, яғни 100 мың адамға төмендеген.

         Қан айналымы жүйесінің ауруына науқастар саны 251,4-тен 144,8-ге дейін,  100 мың адамға төмендеген.     

         Жыл сайын дәрігерлермен толық жарақталмау мәселесі проблема болып қалмақ, мамандар жетіспейді. Дәрігер кадрының жетіспеушілігі 42 адамды құрайды.

         Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында есепті кезеңде 9000-ға жуық адам қамтылған республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі 80 спорт акциясы өткізілді.

         2014 жылдың бірінші жартыжылдығында біздің спортшыларымыз  халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда 35 алтын, 39 күміс және облыс чемпионаттарында, біріншіліктерде 58 қола орнын жеңіп алды.

         Президенттің 2020 жылға дейін халықтың 30 – дан кем емес пайызын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындауда, өңірде халықтың 28,0 % , 40 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

         «Вершина» ЖШС өзінің қаражат есебінен «Шахтер» саябағының аумағында жасанды жамылғысы бар үші теннис кортын салды.

         Бюджеттік қаражат есебінен № 10 мектеп стандионында жасанды жамылғысы бар жеіл атлетика жолағын 18,0 млн. теңге сомаға салу жұмыстары басталды.

         Әуезов көшесіндегі № 81 және № 81 А үйлердің аулаларында балалар ойын кешенін, шағын футбол алаңын, стритболға және спорт тренажерлеріне арналған алаңшаларды орнатумен абаттандыру жұмыстары басталды.

         Мәдениет саласы мен мемлекеттік тілді дамыту

         Мелекеттік тілді қолдану саласын дамытуға және кеңейтуге бағытталған жұмыс жалғасуда.

         Осы мақсаттарға қалалық бюджеттен 4,0 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді, соның ішінде 1,9 млн. теңге қалалықтар мен мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруға жұмсалды.        

         Мемлекеттік тілді дамыту және қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесін көтеру мақсатында (айтыс, фестивальдер, конкурстар) түрлі іс-шаралар өткізілуде.       

         Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

         2014 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде кітапхана қызметімен 24 мыңнан астам адам пайдаланылған.

         Мәдениет мекемелерінің көркем ұжымдары республикалық, облыстық конкурстар мен фестивальдарға бірнеше мәрте қатысқан.

         Ағымдағы жылы «Шахтер» қалалық саябағын абаттандыру жұмыстары басталды.

         Саябақ аумағында ағаштарды кесу жүргізіліп, гүлбақшалар отырғызылды, қосымша жарықтандыру, су құбыры орнатылды, «Темір жол» аттракционы сатып алынды.

         Бұрқақ және жылы дәретхана салуға жобалық – сметалық құжаттама әзірленуде.

         Тұрғын үй - коммуналдық саласындағы жұмыс туралы

         Қазіргі уақытта жолаушылар жеделсатыларын қалпына келтіру жалғасуда, оған 130,0 млн. теңге жіберілген болатын.

         Жоспарланған 10 жолаушылар жеделсатының 8 - і орнатылды, 2 - і бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         Нормативтік мерзімді өтеп жатқан 39 жеделсатының диагностикасы жүргізілді, оның 33 – ін 67,5 млн. теңге сомаға жөндеу жүргізілді.

         60,0 млн. теңгеден астам сомаға 56 жеделсаты ағымдағы жоспарлы -алдын алу жөндеумен қамтамасыз етілді.

         Сарапшылардың пікірініше, жүйелі жұмыс арқасында Екібастұз қаласының жеделсаты шаруашылығы ең үздіктердің бірі деп танылды.

         Қаланың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы.

         2014 жылы қаланың автомобиль жолдарын ұстауға, ағымдағы, орташа жөндеп, қайта жаңартуға бюджеттен 1,3 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта Космонавтов, Мукишев, Торайгыров, Новоселов, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшелерін жөндеу, Сейфуллин және Чалбышев көшелерін қайта жарақтау аяқталды.

Абай, Мәшһүр Жүсіп, көшелерін, 207-208 оралымдар бойындағы кіреберіс жолдарын жөндеу, Баянауыл, Қостанай көшелерін және Қала – саяжай қалаға кіреберіс жолын қайта жарақтау жалғастырылуда.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 100,0 млн. теңге сомаға қаланың Северный ауданын жарықтандыру желілерінің құрылысы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 400 баған орнатылды.

18 және 21 – шағынаудандарда қуаты 100 кВт кешенді траняформатордың 2 қосалқы стансасы орнатылды.

2014 жылы қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға, жарықтандырып, санитарлық тазалау шараларына 380 млн. теңгеден астам бюджеттік қаражат жұмсалды.

Осы іс-шаралардың аясында Московская – Энергетиков көшелерінің қиылысында бағдаршам орнату қамтамасыз етіліп, осы жылдың аяғына дейін Пішембаев – Абай көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылатын болады.

10 автобус павильоны орнатылды, оның ішінде 2 – і Байет және Төрт – Құдық ауылдарында.

Қаланың шағынаудандарында 10 балалар ойын алаңқайы бой көтерді.

Қаланың алаңы 49,0 мың ш.м. оралымішілік аумақтарын ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Жыл сайын қоқыстарды шығару қиындық туғызуда.

Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде ғана 137 мың. м3 қалдық шығарылды, яғни өткен жылдың осы кезеңінен 10% артық.

Қоқыс шығаратын көліктердің шығу саны 17 мың рейсті құрады,  яғни 2013 жылға қарағанда 22% көп.

Осы жылы коммнуалдық қалдықтардың пайда болу мен жинақталу нормалары бекітілді.

«Екібастұзкоммунсервис» КМК – ны арнайы техникамен кезең – кезеңмен жабдықтау жыл сайын жүзеге асырылады.

Осы жылы жаяужолдарды жинауға арналған трактор, ірі ауқымды қалдықтарды шығаруға арналған трактор сатып алынды.

Үйішілік аумақтарды күтіп ұстау тұсында жауапкершілік ПИК – ке жүктелген, оның міндетіне аумақтарды уақытында жинау жатады.

«Ұсақ бұзақылыққа мүлдем төзбеушілік» акциясы шеңберінде аумақты абаттандыру қағидаларын бұзуға, инфрақұырылым нысандарын қиратуға, қоғамдық жерлерде темек тартуға, қоғамдық жерлерде мас күйінде болуға, жалпы қолдану орындарын, саябақтарды, гүлзар бақтарын ластауға, соның ішінде белгіленбеген жерлерде коммуналдық қоқыстарды лақтыруға қатысты 2507 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 465 артық.

Қаланы көгалдандыруға қатысты келесідей іс – шаралар жүргізілді:

2250 м2 алаңға гүлзарлар отырғызу ұйымдастырылды, 2013 жылғы отырғызу алаңдарынан 34% артық.

Қаланың орталық көшелеріндегі 3400 астам ағаш бастарын пішіндеп кесу, оралымдарда ағашты санитарлық кесу жүргізілді.

Қала әкімдігінің жұмысындағы ең маңызды мәселелердің бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге мемлекетік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың саны 4485 адамды құрайды,  оның 2000 адамнан астамы -  халықтың әлеуметтік осал топтарының санатындағылар. Ай сайын кезектілік орташа алғанда 50 адамға толады.

2014 жылғы 1 – жартыжылдықта кезектегілерге 117 пәтер (Энергетиков көшесі, 60, 64) бөлінді, оның ішінде 37 – сі Солнечный кентінде.

Олардың:

52-і – жетмі балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалаған балаларға;

39-ы – халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға.

Мнистірлікке 5 қабатты үйдің құрылысына мемлекеттік сараптамасымен ЖСҚ  қарауға жіберілді.

9 қабатты үйдің құрылысына қатысты ЖСҚ мемлекеттік сараптамада және бес қабатты үш тұрғын үйдің құрылысына қатысты ЖСҚ әзірленуде.

Осы жылы «Вершина» ЖШС-мен және «Берт» ЖШС-мен көппәтерлі екі тұрғын үй (Әуезов және Энергетиков көшелеріндегі) бос нарықта сату үшін пайдалануға енгізілді.

«Берт» ЖШС, «Проммашкомлект» ЖШС Новоселов және Королев көшелеріндегі екі үйді қайта жарақтауды жалғастыруда. 

Кезектегілерді тұрғын үймен кейін қамтамасыз ету мақсатында пәтерлер иесіз қалған және заңсыз пайдаланылып жатқан тұрғын үй қорын анықтау шарасымен ұсынылатын болады.

2014 – 2015 жылдардағы жылыту масумына дайындық және оның өтуі.

Қаланы күзгі – қысқы кезеңде  тұрақты және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық кәсіпорындар жылумен, сумен және электрмен жабдықтау жүйесін, негізгі және қосалқы құралдарды жөндеуге қатысты іс – шараларды орындауды жоспарлаған.

Негізгі және қосалқы құралдардың, техникалық нормативтер ағаттығының себептерін талдауға,  ағымдағы пайдалану үдерісіндегі анықталған ақауларға сүйене отырып, іс – шаралар жасалған.

2013 жылы «Павлодарэнерго» ЖШС – ға Екібастұз ЖЭО – да жөдеу жұмыстарын орындауға 1,7 млрд. теңге бөлінген болатын.

Осы жағдай Екібастұз ЖЭО – ның 2013 – 2014 жылдардағы күзгі – қысқы кезеңдегі жұмысына оң әсер етті.

Осы ыжлы жылыту маусымына дайындыққа қатысты іс – шаралар кестеге сәйкес орындалуда.

«Горэлектросеть» ЖШС - мен электр желілерін, 35 кВ.-10/04 кВ. ауа желілерін және қосалқы стансаларды жөндеуге қатысты 13 іс – шараны орындау жоспарлаған.

Қаланы сумен сенімді және сапалы жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Горводоканал» МКК – мен қаланың және Солнечный кентінің су – канализациялық шаруашылығын қалпына келтіруге, соның ішінде: су құбыры желілерін жөндеуге, жылумен оқшаулауды қалпына келтіруге, желілік су құбырындағы тиектік арматураларды ауыстыруға және орталық жылу бекеттерін жылыту маусымына дайындауға қатысты 65 іс – шараны орындау жоспарлаған.

Инвестициялық жобалар шеңберінде негізгі канализациялық сорғы стансалары арсындағы қысымды коллекторды канализациялық тазарту ғимараттарына дейін күрделі жөндеу, үш учаскенің сумен жабдықтау жүйесін жөндеу, тазарту су құбырының ғимараттарындағы бекітпелерді ауыстыру, тазарту су құбырының ғимараттарындағы жабдықтарды ауыстыра отырып, химиялық лабораторияны күрделі жөндеу жүргізілуде. Саны 5 бірлік («Хундай» жыланбауыр экскаваторы – 1бірл., МАЗ құрамындағы 16 тоникті автокран - 1 бірл., «3909» жүк жолаушылар УАЗы – 2 бірл. және жүк жолаушылар газелі – 1 бірл.) арнайы техника сатып алынды.

Өткен жылыту маусымы барысында анықталған мәселелер есебімен «Екібастұз жылу желілері» ӨК – мен жылыту маусымына дайындалу үшін 16 іс – шара жоспарланған, оның 6 – ы орындалған.

Магистральды және оралымішілік жылу желілерін күрделі жөндеу, бұзылған жылумен оқшаулауды қалпына келтіру жалғасуда.

№ 2 және № 3 айдап шығару сорғы стансаларының негізі және қосалқы құралдарын ағымдағы жөндеу орындалды.

Кәсіпорынды дамытудың инвестициялық бағдарламасы аясында Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 1 павильон маңындағы мойнақтың құрылысы орындалды.

Жылыту маусымының басына дейін 13 Северный шолағы көшесіндегі және Воскресенский шолағындағы жылу желілерін қайта жарақтауды орындау жоспарланып отыр.

Осы жылы алғаш рет магистральды және оралымішілік желілерін гидравликалық сынау жүргізілді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру мақсатында 12,8 млн. теңге сомаға 3 көппәтерлі мемлекеттік тұрғын үйді (Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 63, № 130, Бұхар жырау көшесіндегі № 286 Б) ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.  

3,4 млн теңгеге 15 көппәтерлі мемлекеттік тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізілді.

Бюджеттік қаражат есебінен 17,5 млн. теңге сомаға Шідерті кентіндегі оралымішілік жылу желілерін күрделі жөндеу және 3,5 млн. теңге сомаға жылумен оқшаулауды қалпына келтіру орындалды.

 Тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау.

Тұрғын үйлерді 2014 – 2015 жылдардағы жылыту маусымына дайындайдың бекітілген кестесіне сәйкес  472 үй немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы санының  63 % - ы (748) дайын, соның ішінде қаладағы – 376 немесе 58 %.

Қаладағы жеке құрылыстың 5425 тұрғын үйінің 7 – і немесе  1 % - ы дайын.

Пәтерлер иелерінің нысаналы жинақтарының есебінен 92 тұрғын үйдегі жылумен, сумен жабдықтау жүйесін және канализацияны жөндеу жоспарланған.

Бүгінгі күнге инженерлік үйішілік коммуникацияларды күрделі жөндеу оырндалды:

- суық сумен жабдықтау - 26 үйде,

- ыстық сумен жабдықтау – 32 үйде,

- канализациялық жүйе - 6 үйде,

- жылумен жабдықтау жүйесі - 21 үйде;

- жылумен жабдықтау жүйесінің жылу түйінділері 5 үйде орнатылды (жылу түйінділерінің 4 бірлігі, 1 бойлер).

Өткен жыылыту маусымында жылу энергиясы параметрлерінің сәйкессіздігі анықталған проблемалы 8 үй бойынша іс – шаралар кешені дайындалып, пәтерлер иелерімен жиналысар өткізілді:

- М. Әуэзов көшесі, 49/4, 49/5, Абай көшесі, 72, Царев көшесі, 13 – жылумен жабдықтаудың жобалық сызбасын қалпына келтурі мәселесіне қатысты,

- М. Жүсіп көшесі, 126, Энергетиков көшесі, 42, 97, Строительная көшесі, 76  - жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу мәселесіне қатысты.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған үйлердің 2 – інде (Абай к., 72 және Энергетиков к., № 97) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

М. Жүсіп көшесі, 126 – үй, Строительная көшесі, 76 – үй пәтерлерінің иелерімен нысаналы қаражатты жинау жүзеге асырылуда.

ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы аясында жалпы сомасы 219,0 млн. теңгеге тоғыз үйді күрделі жөндеу жүргізілуде.

Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындау тұсында.

Қазіргі уақытта жылыту маусымына 103 әлеуметтік мекеме немесе 76 % дайын.

Жергілікті жерлерге жалпы сомасы 36,4 млн. теңгеге 8 мың тонна көмір тасу және жинау аяқталды.

Ауылдық елді мекендердегі барлық 18 казандықта қазндықты тексеру және тазалау жұмыстары орындалды.

45 мемлекеттік мекемеде 33,9 млн. теңге сомаға энергетикалық аудит жүргізілді.

Екібастұз қаласын экономикалық дамытудың ең негізгі басымдылығын бірі ауыл шарауашылығы саласын дамыту болып табылады.

Мала шаруашылығының, өсімдік шаруашылығының сапасы мен өнімділігін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау, суарма суын жіберу қызметі мен ірі азықтың құнын арзандату үшін шаруа қожалықтарына 66,8 млн теңге көлемінде субсидия берілді, 2013 жылғы бірініші жартыжылдыққа қарағанда  44,9 % көп.

Өңірде жалпы 451,5 гектар ауыл шаруашылығы нысанындағы жер бар, оның 268,5 мың гектары шаруа қожалығына және фермерлік шаруашылыққа арналған.

Өткізілген конкурстар қорытындысы бойынша жалға 113,8 мың гектар жер берілген.

Шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылыққашалғайдағы мал шаруашылығын  дамыту мақсатында 19 мыңнан астам ауыл шаруашылығы нысанындағы жер бөлінді.

Қосымша жерлерді ауыл шаруашылығының айналымына тарту есебімен 8 ауыл шаруашылығының құралымы құрылды.

2014 жылы барлық егістік алаң өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,6 %  - ға артып, 13,6 мыңнан астам гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдардың алаңы 18 % - ға, көкөніс және жемшөптік дақылдар 3,6 % - ға артқан.

Сәуір айында Шідерті өзеніне 100 миллион куб метр көлемінде жыл сайынғы су жіберу іске асты, 14 мыңнана астам гектар алқапты шабындық жер аумағында суармалы жайылымдарын толтыруға мүмкіндік берді.

2014 жылы дәнді дақылдарды жинау мен мал азығын дайындау үшін 445 тонна арзандатылған дизель отыны  бөлінді.

Мал шаруашылығын дамыту туралы. Ірі қара мал басының саны 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,7 %-ға артып, 36,8 мың басты құрады, жылқылар – 18,9 % немесе 11,8 мың бас, қой мен ешкі – 1,8 % немесе 65,9 мың бас өскен.

Асыл тұқымды мал басын өсірумен «ЭМПК» ЖШС, «Ер Қайрат» ЖШС, «Табыс», «Ақжол», «Көктөбе», «Жаңа Ауыл» шаруа қожалықтары айналысып отыр.

Ауыл шаруашылық жануарларын егу және диагностика жүргізу уақытылы жүргізілді.

Бірініші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ет өнімінің 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда (1706,2 тонна)  8 % -ға, сүт 1,4% - ға (8968,6 тонна) төмендеуі байқалды.

Ет өнімінің төмендеуі мал азығын жеткілікті дайындамау салдарынан 2013 жылы мал соғымының зор өсуімен байланысты. Ағымдағы жылы қыстаққа жайлы жағдайлардың есебімен мал соығымын күзде өткізу жоспарланып отыр.

Сүт өнімінің төмендеуі шаруа қожалықтары қызметінің сүт өнімінен ет бағытына қарай ауысыана байланысты болды.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы күрес.

2014 жылдың 6 ай ішінде тіркелген қылмыстың саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ( 2013 жылы – 1525, 2014 жылы – 1168) 23,4 % төмендегені байқалады, оның қылмыс түрлеріне қарай:

меншікке қарсы  -  21,3 % -ға (1139-дан 896-ға дейін);

қоғамдық жерлерде - 26,7 % -ға(629-дан 461-ге дейін);

көшелерде - 34,7 % -ға (331-ден 216-ға дейін);

бұрын сотталғандар - 41,6 %-ға (101-ден 59-ға дейін);

мас күйінде 1,4 % -ға (141-ден 139-ға дейін);

кәмелетке толмағандармен жасалған -  8,3 %-ға (24-тен 22-ге дейін);

тұлғалар тобымен жасалған - 29,3 %-ға (58-ден 41-ге дейін).

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы «Екібастұз  - қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру жұмысы жалғастырылатын болатын.

Горняков көшесіндегі «Богатырский» дүкені маңында бейнебақылау камераларымен, копьютерлік техникамен және ІІД деректерімен жабдықталған полицияның санитарлық бекеті орнатылатын болады.

Облыстық коммуналдық меншікке мәшһүр Жүсіп көшесі, 24 мекенжайындаға тұрғын емес үй – жай учаскелік полиция бекетін орналастыру үшін берілген.

Есепті кезеңде сауда үйлерінде, мейрамханаларда, кафелерде (4 сауда үйінде, 12 дүкенде, 2 кафеде және басқа 12 нысанда) қосымша 208 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Қаал әкімінің халық алдында 2013 жылғы есеп беру қорытындысы бойынша 41 ұсыныс айтылған болатын, оның ішінде 28 – і орында түіндіріліп, 13- і бақылауға алынған болатын.

13 іс – шараның 6-ы орындалды. Қалған 7 іс – шараны орындау мерзімі  – ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығы.

Әкімдіктің 2014 жылғы бірініші жартыжылдықтағы бар жұмысы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қойылған тапсырмаларын, облыс әкімінің жұмсыпен қамтуды қамтамасыз ету және экономиканың тұрақты дамуына, мемлекеттік бағдарламаларды орындауға, халықтың қаладағы да, ауылдық елді мекендердегі де өмірінің нақты жақсаруына қатысты тапсырмаларын орындауға бағытталған болатын.