Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 302 өкімімен Алшымбаева Маржан Қадырқызы Солнечный поселкесінің әкімі болып тағайындалды. 1968 жылдың 26 қарашасында Новосібір облысы Қарасу ауданының Нижне-Баяновка аулында туған. Білімі - жоғары, 1

Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 302 өкімімен Алшымбаева Маржан Қадырқызы Солнечный поселкесінің әкімі болып тағайындалды.

1968 жылдың 26 қарашасында Новосібір облысы Қарасу ауданының Нижне-Баяновка аулында туған. Білімі - жоғары, 1991 жылы Новосібір мемлекеттік педагогикалық институтын физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Екібастұз ауданының Қарасор толық емес орта мектебінің математика және физика пәндерінің мұғалімі болып бастады.

Маржан Қадырқызы 15 жыл Солнечный поселкесінде №16 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары, директор  болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қыркүйегінен «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №13 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ директоры болып қызмет атқарды.

Ер бала тәрбиелеп отыр.