kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала әкімі құрылысшыларды құттықтады

 8 тамызда құрылысшылар күні қарсаңында Екібастұз қаласының әкімі бұл саланың жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құттықтау сөзден кейін Александр Вербняк салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін еңбек ардагерлері Болат Валиев, Николай Канавец, Қабылбек Төлепбергенов, Мақсұт Шәріпов, «Пульс» ЖШС бас инженері Хайролла Бакбалин, «Строитель-Экибастуз» ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы Қайрат Ахметов және басқалары марапатталды. Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты еңбек ардагері Мира Кочергинаға, «Вершина» ЖШС № 1 өңдеу учаскесінің сылақшы-бояушысы Софья Жүнісоваға, «Экибастуз Спец-Строй» ЖШС бас механигі Табылды Атыковқа және басқаларға табыс етілді.

Салтанатты жиналыстың ресми бөлімі аяқталған соң көрермендердің назарына мәдениет бөлімі ұйымдастырған концерт ұсынылды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза