Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.04.08. бастап 14ж.11.08. дейінгі аралықта «Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 12 сағ. 33 мин. өз пәтерінің сыртқы есігінің құлпы желініп қалғандықтан аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, құлыптың кілтімен сыртқы есікті ашты.   

2. 19 сағ. 50 мин. кілтін жоғалтып алғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған 2-топтағы мүгедек жалғыз тұратын әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен 5-қабаттың балконына түсті және сыртқы есікті ішінен ашты.    

3. 10 сағ. 52 мин. зейнеткер пәтерінде құлап қалғандығы және көмек сұрап жатқандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зейнеткерді кереуетке жатқызып туыстарының қамқорлығына қалтырды.     

4. 08 сағ. 23 мин. 88 жастағы шешесіне келіп есік қағып тұрғандығы, оның есікті ашпайтындығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен 5-қабаттың балконына түсті және сыртқы есікті ішінен ашты. Зейнеткер кереутте жатты, оған жедел жәрдемді шақырды.   

 

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» 3-құтқару бөлімшесі

басшысының м.а.  Оспанов М.М.