Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.29.07. бастап 14ж.05.08. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. Желдің әсерінен ағаш электр желісіне құлап, осымен тұрақтанып тұрған автокөлікке бағананың құлауына әкеліп соқтырғаны жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, бензараның көмегімен желіден ағашты алды, арнайы құралдың көмегімен бағананың арматурасын тістеп алды.
  2. Өзінің қарт шешсіне келіп, есік қағып кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен арқан арқылы 5-қабаттың балконына түсті және сыртқы есікті ішінен ашты. Пәтерде әйелдің денесі болды.
  3. Жалғыз басты тұратын көршісі қабырға қағып көмек сұрап жатқандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау тұсті. Әжей құлап қалған және өз бетімен тұра алмайды. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Әжей дәліздің еденінде жатты.
  4. Кіші жастағы баласы есікті ішінен ысырмаға жауып алғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

4-құтқару бөлімшесінің басшысы                         Ж. Каирбаев