Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі Амангелді Ыбырайұлы Сүлейменовті құттықтады

          2014 жылдың 8 тамызында қала әкімі Александр Вербняк Амангелді Ыбырайұлы Сүлейменовті 75 жылдық мерейтойымен үйіне барып,  құттықтады.

Қала басшысы қадірлі ақсақалға мықты денсаулық, рухани сергектік, амандық тілеп, әдемі оюлы шапан және құттықтау хат табыс етті.

         Амангелді Сүлейменов 1939 жылы Хабаровск өлкесінің Амур облысында Завитое селосында туды. Еңбек жолын Екібастұз қаласында Северный кенішінде экскаватор жұмысшысы, кейін Екібастұз ЖЭС электр жөндеушісі болып бастады. 1956 жылы электрик-инженер мамандығы бойынша Павлодар индустриалдық институтын бітірді. 20 жылдан аса аймақтық Мемлекеттік энергобақылау бөлімінің басшысы болды.  Түрлі қызметтерде абыройлы еңбек етіп, құрметті демалысқа шықты.

          Амангелді Ыбырайұлы «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері»  медальдарымен, «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Қала алдында сіңірген еңбегі үшін», «Екібастұздың болашағы үшін», «Екібастұздың 50 жылдығы» белгілерімен марапатталған.