Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының ХҚКО зейнетақы аударымдарының 26 мыңнан аса анықтамасы берілді

            Павлодар облысында 6 айдың ішінде 26 623 зейнетақы аударымының анықтамасы берілді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. ХҚКО зейнетақы аударымы туралы анықтаманы алу үшін, қызмет алушының өзімен бірге жеке куәлігі болуы және өтініш толтыруы керек. Үшінші тұлғаға мемлекеттік қызметті алушының мүддесін ұсыну кезінде нотариалды куәландырылған сенімхаты болуы қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Қызметті көрсету мерзімі – 10 минуттан аспайды.

            Сонымен бірге зейнетақы аударымы туралы анықтаманы Электрондық Үкімет порталының көмегімен де алуға болатындығын атап өткен жөн.  Бұл үшін тек  Интернетте электрондық-цифрлық қол қою болуы керек. Егер адам порталды қолдана білмеген жағдайда, онда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету арнайы бұрыштары қарастырылған, онда адам ХҚКО кеңесшісінің көмегімен қызметті ресімдей алады. «Connection Point» бұрыштары Павлодар қаласының ХҚКО бөлімдерінде 2013 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істеп келеді және де күнделікті өзіне-өзі қызмет ету секторында зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы 25-30 адам алады.

Павлодар облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының директоры Жаннат Нуржауова былай дейді: «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпаратты беру»  мемлекеттік қызметі бүгінгі күнде тұрғындар арасында ең талап етіліп отырған қызметтердің бірі болып табылады. Танымалдылық рейтингісінде Павлодар облысы бойынша  осы қызмет 8 позицияны алып отыр, мынадай мемлекеттік қызметтер «Мекенжай анықтамаларын беру, ЭЦҚ, «Дайын куәліктер мен паспорттарды беру» және т.б. қызметтерді артқа тастап.

Қызмет ҚР, шетел азаматтарына және азаматтық алмаған тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқандарға, зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы құқы бар азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  көрсетіледі.

Анықтамалық: Бүгінгі күнде Павлодар облысында ХҚКО 15 бөлімі қызмет жасап отыр, ПББҚ 3 бөлімшесі және 2 сектор – ХҚКО өкілдігі Қалқаман к. және Майқайың к., оларда барлық қызметтер түрін алуға болады, соның ішінде мемлекеттік қызмет «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпаратты беру». Майқайың кентінің тұрғындары сонымен қатар, секторда құжаттандыру желісі бойынша мемлекеттік қызметтерді іс жүзінде ала алады.

Мәселен, Баянауыл ауданында бірінші жартыжылдықта 345 зейнетақы аударымдары туралы анықтама берілді, Успен – 201, Железин – 439 және т.б.