Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Екібастұзға жұмыс сапарымен келді

2014 жылдың 6 тамызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Екібастұзға жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Елбасы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-нің жұмысы мен даму перспективаларымен танысты.

«Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС 2008 жылы құрылған. Аталмыш компания жартылай жүк вагондарын шығарумен айналысады. Вагон жасау өндірісінде Германия, Италия, Австрия, Швеция, Швейцария, Словакия, Ресей мен Украинада жасалған жабдықтар қолданылады. Өндірістік қуаттылығы – жылына 2000 жартылай және 500 жабық вагон.

Екібастұзға сапары барысында Елбасы «Проммашкомплект» ЖШС-де болды. Бүгінде бұл Қазақстандағы көліктік металл қақтау және жол-құрылыс материалдарының ең ірі жеткізушісі болып табылады.

Бағыттағыш бұрма өндіру және темір жол дөңгелектерін өңдейтін  кәсіпорын - еліміздің Индустрияландыру картасына кірген инновациялық жобалардың бірі. Онда жаңа жабдықтар мен сандық басқару бағдарламасы бар станоктар орнатылған. Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына мың  бағыттағыш бұрма, мың айқастырма, екі мың жөндеу кешені мен 48 мың дөңгелек өңдеу.

Сонымен қатар Елбасы Н.Ә. Назарбаев 680 оқушысы бар жергілікті балалар музыкалық мектебіне де ат басын бұрып, жаңа автобустын кілтін табыс етті.