kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Тағайындау

Дәуренбек Сәдуұлы Ғабдулин 1963 жылдың 27 наурызында Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шоқтал ауылында туған.

Білімі - жоғары, 1987 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зоотехник мамандығы бойынша, 2002 жылы Екібастұз инженерлі-техникалық институтын инженер-экономист-эколог мамандығы бойынша бітірген.

Дәуренбек Сәдуұлы Ғабдулин еңбек жолын 1981 жылы Майқарағай асылдандыру зауытында жұмысшы, зоотехник болып бастады. Халық бақылауы Ермак қалалық комитетінің инспекторы, Ермак кеңшарының асыл тұқымды қой өсіру бас зоотехник-селекционері, «Екібастұз қаласы әкімінің қоршаған ортаны қорғау бөлімі» ММ-нің жетекші, бас мамандары, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

2008 жылдың 16 сәуірінен Екібастұз қаласы әкімінің аппараты аумақтық дамыту бөлімінің бас маманы - қала әкімінің Теміржол муниципалдық округіндегі өкілі болып қызмет етті.

Мемлекеттік қызмет өтілі -8 жыл.

Үйленген, екі баласы бар.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза