Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы мәжіліс өткізді

          Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала әкімі Александр Вербняктың  төрағалық етуімен  әкімдік отырысы өткізілді.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Құсниден Қасенов 2014-2015 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есеп берді. Қ. Қасеновтың мәлімдеуінше, «Павлодарэнерго» АҚ  Екібастұз ЖЭО, «ПЖЖ» ЖШС «ЕЖЖ» ӨК жылу желілері, «Горэлектросеть» ЖШС, «Горводоканал» МКК-нда жөндеу жұмыстары бекітілген кестелерге сәйкес жүруде. Бүгінгі күні 2014-2015  жылдардағы жылу беру маусымына қаладағы 652 көп пәтерлі тұрғын үйден 63 үйдің әзірлігі  бар (10%), 272 үйде жылу беру ішкі жүйелеріне  сығымдау орындалған, жеке құрлыстағы 5425 тұрғын үйден 7-і (1%), ауылдық аймақта 96 үйдің барлығы дайын. 136 әлеуметтік нысандардың 93 мекемесі қысқа әзір (68,3%).

Екібастұз қаласында  тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының іске асыру мәселесі толық талқыланды. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Лариса Векшинаның айтуынша 2014 жылы  аталған бағдарламаның шеңберінде Екібастұз қаласына республикалық бюджеттен Королев 98, Западная 56 а, Строительная 35, Горняков 119 а, Энергостроителей 9, Энергетиков 44 а, 75, 77, 97 а көшелерінде орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге  219 млн. теңге бөлінді. Үйлерге қосымша жұмыс түрлерін есепке ала отырып жобалық-сметалық құжаттама әзірленген соң, осы үйлерді күрделі жөндеуге жұмсалатын сома  120 млн. теңгеге ұлғайды. ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2015 жылға Екібастұз қаласына бөлінген қаражаттың ұлғаюына байланысты, 525 млн.теңге бөлу алдын ала жоспарланып отыр, оған күрделі жөндеуден өтетін көппәтерлі 22 тұрғын үй анықталды.

Күн тәртібіндегі тағы бір сұрақ - «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері  жөніндегі заңнамаларды іске асыруы бойынша шаралар. Бірінші жартыжылдықта бөліммен 14  млн. теңгеден аса жалпы сомасында 109 мемлекеттік сатып алу жүргізіліпті. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2014 жылы 70 жас отбасына Энергетиков көшесіндегі № 64-үйде орналасқан пәтерлердің кілттері табысталды.

Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр сұрағына қаулы қабылданды.