Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.21.07. бастап 14ж.28.07. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 10 сағ. 22 мин. терезелерге ағаш құлағандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альп.жабдықтың көмегімен ағашты алды.   
  2. 23 сағ. 59 мин. кұлпы желіңіп қалғандықтан өз кілтімен пәтерінің сыртқы есігін аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   
  3. 15 сағ. 39 мин. кабинеттердің бірінде терезе жақтауында аралар ұялағаны туралы хабарлаған «Евразия» медициналық орталығынан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, терезе ойығының жақтауын бұзды және ара ұясын тапты. Дихлофоспен улап, ара ұясын алып шықты. Зардап шеккендер жоқ.       
  4. 00 сағ. 26 мин. Павлодар-Астана тас жолы (Шідерті к. және Төрт-құдық арасы) Жолда кетіп бара жатып Шідерті к. Және Төрт-құдық тас жолында ЖКО (Семей-Астана бағыты бойынша жолаушылар автобусы және жүк а/к Камаз қақтығысы) көргендігі және қысылып қалған зардап шегушілер бар болғандықтан құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, қысылып қалған адамдар болмағандықтан көмек керек болмады. Зардап шеккен екі автобус жүргізушілері жедел жәрдем көлігінде болды, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатты.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1- құтқару бөлімшесі басшысының м.а.                         Д. Накенов