Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.14.07. бастап 14ж.21.07. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 14 сағ. 25 мин. подъезге аз уақытқа шыққандығы, ал желден желорайдан пәтердің сыртқы есігі ысырмаға жабылып қалғандығы туралы хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   
  2. 14 сағ. 00 мин. пәтерінде терезесінің астында ара ұялағаны туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, ара ұясын жойды.   
  3. 12 сағ. 45 мин. 83 жасар әжесінің халін білуге келгендігі, сыртқы есік ысырмаға жабық тұрғандықтан пәтерге кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Есік қағысына және телефон қоңырауларына ешкім жауап бермейді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альп.жабдықтың көмегімен үйдің төбесінен 4-қабаттың балконына түсті және сыртқы есікті ішінен ашты. Әжейді дәлізде жатқан күйінде тапты.      
  4. 19 сағ. 40 мин. пәтерінің кілтің жоғалтып алғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде екі кіші жастағы балалары бар екендігі ждөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ.
  5. 17 сағ. 00 мин. жалғыз тұратын зейнеткер көршісі, құлпы желініп қалғандықтан пәтерінінің кілтімен сыртқы есігін аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың және кілттің көмегімен сыртқы есікті ашты.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                          Г.А. Куценко