Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.31.06. бастап 14ж.07.07. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 11 сағ. 55 мин. машинада 2 айлық бала және кілт қалғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Автокөліктің есіктері оқшауланып қалғандықтан, құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдардың көмегімен автомашинаның есігін ашты. Бала көлікте болды.    
  2. 19 сағ. 43 мин. сәкінің металл құрылымының арасында досының аяғы қыстырлып қалғандығы жөнінде хабарлаған баладан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, гидравликалық құралмен сәкінің металл құрылымдарының арасын кеңейтті және аяғын алып шықты.   
  3. 13 сағ. 40 мин. (2 жасар) кішкентай жастағы баласы балконға жауып қойғандығы жөнінде әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альп жабдықтың көмегімен 5-қабаттың балконынан 4-қабаттың балконына түсті, осымен әйелге пәтерге кіруге жол ашты.    
  4. 20 сағ. 47 мин. 9 жасар бала дәріхананың шыға берісінде шығып тұрған металл шыбыққа аяғын тығып алғандығы жөнінде хабарлаған 103 кезекші операторынан қоңырау түсті. Құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, гидравликалық құралдың көмегімен металл шыбықты кесіп алды, аяғын босатты. Осыдан кейін баланы жедел жәрдем дәрігерлерлеріне тапсырды.  

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

4-құтқару бөлімшесінің басшысы                          Каирбаев Ж.К.