Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.23.06. бастап 14ж.30.06. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 14 сағ. 48 мин. түтін иісі шығып жатқан пәтердің есігін ашуға көмек керек екендігі жөнінде хабарлаған 101 өрт сөндіру бөлімінің кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, өрт сөндірушілермен пәтерге кірді және оны қарап шықты. Пәтерде ешкім болған жоқ, плитада тамақ күйіп жатты.   
  2. 07 сағ. 32 мин. Сәтбаев атындағы каналда жас жігіт суға батып кеткендігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушы-сүңгуіршілер көмегі керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, сүңгуірлік жабдықпен су қоймасын тексеріп шықты, батып кеткен адамның денесін тапты және оны жағаға алып шықты.  
  3. 15 сағ. 37 мин. терезе жақтауында аралар ұя салғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, терезе ойығының жақтауын бұзды және ара ұясын тапты. Дихлофоспен улап, ара ұясын алып шықты. Зардап шеккендер жоқ.  
  4. 13 сағ. 23 мин. тұрғын үйдің бір пәтерінен түтін шығып жатқандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 101 қызметкерлерімен бірлесіп пәтерді тексеріп шықты, пәтерде ешкім болған жоқ. Өрт сөндірушілер өрт ошағын жойды. Зардап шеккендер жоқ.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-құтқару бөлімшесінің басшысы                          С.Ю. Смирнов